Үкімет ұлттық қордың қаржысын 30 процентке арттыруды жоспарлап отыр

© Sputnik / Владислав ВодневМонеты, архивное фото
Монеты, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2024
Жазылу
Қазіргі кезде ұлттық қорға жыл сайын 12 млрд доллар түседі. Ал бір-екі жылда осы көрсеткіш 14 млрд-қа өседі
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин үкімет ұлттық қордың қаржысын 30 процентке арттыруды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде үкіметтің алдына 2029 жылға дейін ұлттық қордың қаржысын 100 млрд долларға жеткізу міндеті қойылып отыр. Бірақ 2024-2025 жылдары қордан бюджет шығынын жабуға біраз ақша алынады.
"2025 жылдың аяғына қарай ұлттық қордың таза активтері 62 млрд доллар болады деп жоспарлап отырмыз. Ал 100 млрд жинау үшін тағы 38 млрд қажет. 2029 жылға дейін төрт жыл бар, демек, жыл сайын 9,5 млрд жинап отыруымыз керек", - деді Амрин мәжілісте өткен отырыста.
Оның айтуынша, қазіргі кезде ұлттық қорға жыл сайын 12 млрд доллар түседі. Ал бір-екі жылда осы көрсеткіш 14 млрд-қа өседі.
"Бізге жыл сайын 9 млрд теңге қажет, қалғанын кепілдендірілген трансферге жіберуге болады. Ал 2029 жылы біз ары кетсе, сол 4 млрд доллар, яғни шамамен 2 трлн теңге трансфертке ала аламыз. Ұлттық қордың қаржысын 100 миллиардқа жеткіземіз",-деп атап өтті вице-министр.
Айта кетері, бүгінде "Ұлттық қор-балаларға" жобасы аясында қордың инвестициялық табысының жартысы жыл сайын 18 жасқа дейінгі барлық жастағы балалар арасында бөлінеді. Ал қордың активтері көбейсе, инвестициялық табыс та артады.
Жаңалықтар
0