Атырау облысында полиэтилен шығаратын зауыттың құрылысы басталды
© Photo : акимат Атырауской областиАтырау облысында полиэтилен шығаратын зауыттың құрылысы басталды
© Photo : акимат Атырауской области
Жазылу
Жоба ішкі жалпы өнімді 1,2%-ға өсіруге мүмкіндік береді деп болжануда
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Атырау облысында полиэтилен шығаратын зауыттың құрылысы басталды.
Ол өңірдегі "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағында орналасады. Зауыт жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіреді. Жобаға шамамен 7,4 млрд доллар инвестиция тартылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
© Photo : акимат Атырауской областиАтырау облысында полиэтилен шығаратын зауыттың құрылысы басталды
Атырау облысында полиэтилен шығаратын зауыттың құрылысы басталды
© Photo : акимат Атырауской области
Салтанатты рәсімге Сенат депутаты Сағындық Лұқпанов, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, "ҚазМұнайГаз"" ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов, энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов, өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков, сондай-ақ СИБУР-дың басқарма мүшесі – атқарушы директоры Сергей Комышан және Sinopec Overseas Investment Holding вице-президенті Чжао Тецзю қатысты.
"Құрылыс жұмыстары 2029 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Зауытты іске қосу импортталатын полиэтилен көлемін отандық өніммен алмастыруға және қосылған құны жоғары өнім экспортын ұлғайтуға жол ашады", - деп жазылған хабарламада.
Жоба ішкі жалпы өнімді 1,2%-ға өсіруге мүмкіндік береді деп болжануда. Құрылыс кезеңінде 8 мыңға жуық жұмыс орны, кешен іске қосылғанда 800 тұрақты жұмыс орны ашылады. Жоба сондай-ақ ел экономикасына мультипликативті әсер беріп, ұқсас салалар мен елдегі жаңа түпкілікті өнім өндірістерінің дамуына ықпал етеді.
© Photo : акимат Атырауской областиАтырау облысында полиэтилен шығаратын зауыттың құрылысы басталды
Атырау облысында полиэтилен шығаратын зауыттың құрылысы басталды
© Photo : акимат Атырауской области
Жобаны Silleno компаниясы жүзеге асырады, акционерлері – "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (40%), Sinopec Overseas Investment Holding (30%) және "Сибур Холдинг" ЖАҚ (30%).
Жоба акционерлердің қаражаты мен халықаралық банктерден алынған несиелер есебінен қаржыландырылады.
Жоспар бойынша кешен өнімнің көп түрін (22 полиэтилен маркасына дейін) ұсынады, олардың 40%-ы жоғары сапалы премиум санатқа жатады. Бұған Axens (Франция), Univation Technologies (АҚШ) және Chevron Phillips Chemical (АҚШ) сияқты саладағы әлемдік көшбасшы компаниялармен жасалған лицензиялық келісімдердің арқасында қол жеткізілді.
© Photo : акимат Атырауской области
Атырау облысында полиэтилен шығаратын зауыттың құрылысы басталды
Атырау облысында полиэтилен шығаратын зауыттың құрылысы басталды
© Photo : акимат Атырауской области
Атырау облысында полиэтилен шығаратын зауыттың құрылысы басталды
Атырау облысында полиэтилен шығаратын зауыттың құрылысы басталды
© Photo : акимат Атырауской области
Атырау облысында полиэтилен шығаратын зауыттың құрылысы басталды
Атырау облысында полиэтилен шығаратын зауыттың құрылысы басталды
Атырау облысында полиэтилен шығаратын зауыттың құрылысы басталды
Атырау облысында полиэтилен шығаратын зауыттың құрылысы басталды
Атырау облысында полиэтилен шығаратын зауыттың құрылысы басталды
Полиэтилен өндіруге шикізат ретінде этан қолданылады, ол КМГ-ның газ бөлу кешенінде "Теңізшевройл" компаниясының кен орындарынан алынатын құрғақ газдан бөлінеді.
Айта кетері, полиэтилен – әлемде ең көп сұранысқа ие пластик, ол күнделікті өмірде және өнеркәсіпте кеңінен пайдаланылатын бұйымдарды шығаруда, оның ішінде құбырлар, құрылыс және орауға арналған материалдар, автобөлшектер, медициналық жабдықтар және басқа да тауарларды өндіру кезінде қолданылады.