Астанада өтетін Димаштың концерті: көрермендер үшін арнайы автобустар қатынайды

© Sputnik / Елена БережнаяНовые автобусы на улицах Петропавловска
Новые автобусы на улицах Петропавловска  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2024
Жазылу
13 және 14 қыркүйекте "Астана Арена" стадионында Димаш Құдайберген өнер көрсетеді. Көрермендерге ыңғайлы болу үшін концерт өтетін орынға арнайы автобустар ұйымдастырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Көрермендердің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ жол кептелісін болдырмау мақсатында автобустар бірнеше орыннан аттанатын болады. Нақтырақ айтқанда:
Салтанат Сарайы;
"Әзірет Сұлтан" мешіті;
Бас мешіт.
Іс-шара өтетін орынға жеке көлікпен кіруге тыйым салынады. Арнайы автобустармен жол жүру концерт билетін көрсеткен кезде ғана мүмкін болады.
Автобустар сағат 17.00-ден бастап қатынайтын болады.
Жаңалықтар
0