Астанада екі жалған риэлтор сотталды
© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
© Sputnik / Тимур Батыршин
Жазылу
АЛМАТЫ, 12 қыркүйек - Sputnik. Астана қаласының прокуратурасы бірнеше рет алаяқтық жасады деп айыпталған елорданың екі тұрғынына қатысты мемлекеттік айыптауды қолдады. Бұл туралы Прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті.
"Алаяқтар "Отбасы банкінде" ипотекалық қарызды тиімді шарттармен ресімдеу мүмкіндігі туралы жәбірленушілерді жаңылыстырғаны анықталды", - делінген хабарламада.
Мысалы, алаяқтар жәбірленушілердің біріне "Отбасы банк" АҚ-ға бастапқы жарна ретінде енгізу үшін 8 млн теңгеден астам сомаға несие ресімдеуді ұсынған.
Сонымен қатар, несие ипотекалық қарызбен бірге қайта қаржыландырылатыны туралы жалған мәліметтер хабарлаған.
Сонымен қатар, несие ипотекалық қарызбен бірге қайта қаржыландырылатыны туралы жалған мәліметтер хабарлаған.
"Кінәлі тұлғалар өз әрекеттерінің жалған заңдылығын көрсету мақсатында дара кәсіпкерлік ашып, кеңсе бөлмесін жалға алуы 27 жәбірленушінің ақшасын алдап, иемденуге мүмкіндік бергенін сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы дәлелдеді", - деп хабарлады прокуратурадан.
Келтірілген шығын 30 млн теңгеден асты.
Сот үкімімен кінәлілердің әрқайсысы 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.
Материалдық залал сотталғандардан өндірілді.
Қала прокуратурасы елорда тұрғындары мен қонақтарын мұқият болуға, ұсынылатын қызметтердің дұрыстығына көз жеткізуге, жалған байланыстар мен таныстар сылтауымен тиімді мәмілелер ұсынатын адамдарға сенбеуді ескертеді, себебі бұл алаяқтықтың белгісі болуы мүмкін.