https://sputnik.kz/20240911/toqaev-qazaqstan-syrtqy-sayasatynda-beybitshilikti-zhaqtaydy-47009673.html
Тоқаев: Қазақстан сыртқы саясатында бейбітшілікті жақтайды
Тоқаев: Қазақстан сыртқы саясатында бейбітшілікті жақтайды
Sputnik Қазақстан
Жеті елдің елшілері Тоқаевқа сенім грамоталарын тапсырды 11.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-11T17:35+0500
2024-09-11T17:35+0500
2024-09-11T17:35+0500
саясат
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/748/13/7481383_0:0:6017:3385_1920x0_80_0_0_1ecc03415eb667e96f63f60804a11e4f.jpg
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Астанада жеті мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлады Ақорда.Сенім грамоталарын Испания Корольдігінің елшісі Луис Франсиско Мартинес Монтес, Эстония Республикасының елшісі Яап Ора, Өзбекстан Республикасының елшісі Бахтиёр Ибрагимов, Судан Республикасының елшісі Мұхаммед әл-Газали Сиррадж, Руанда Республикасының елшісі Чарльз Кайонга, Доминикан Республикасының елшісі Алехандро Ариас Сарсуэла және Маврикий Республикасының елшісі Хесвар Джанке тапсырды.Мемлекет басшысы дипломаттар алдында сөз сөйледі.Осы орайда президент Қазақстан шет мемлекеттермен екіжақты қарым-қатынасты, сондай-ақ көпжақты деңгейдегі байланыстарды дамытуға ниетті екенін атап өтті."Қазақстан – қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Біз экономикамыздың тұрақтылығын қамтамасыз етуге ұмтылып отырмыз. Әрине, бұл оңай емес. Оның табысты болуы көп жағдайда халықаралық ықпалдастыққа, соның ішінде сіздердің елдеріңізбен арадағы ынтымақтастықты дамытуға байланысты", – деді ол.Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми басталуымен құттықтап, олардың мемлекеттерінің басшыларына ізгі тілегі мен сәлемін жолдады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/748/13/7481383_0:0:5355:4016_1920x0_80_0_0_29221478bd64245d310fbd0d9fb385a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев: Қазақстан сыртқы саясатында бейбітшілікті жақтайды
Жеті елдің елшілері Тоқаевқа сенім грамоталарын тапсырды
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Астанада жеті мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлады Ақорда.
Сенім грамоталарын Испания Корольдігінің елшісі Луис Франсиско Мартинес Монтес, Эстония Республикасының елшісі Яап Ора, Өзбекстан Республикасының елшісі Бахтиёр Ибрагимов, Судан Республикасының елшісі Мұхаммед әл-Газали Сиррадж, Руанда Республикасының елшісі Чарльз Кайонга, Доминикан Республикасының елшісі Алехандро Ариас Сарсуэла және Маврикий Республикасының елшісі Хесвар Джанке тапсырды.
Мемлекет басшысы дипломаттар алдында сөз сөйледі.
"Қазақстан сыртқы саясатында бейбітшілікті жақтайды, БҰҰ Жарғысының қағидаттарын берік ұстанады және халықаралық ынтымақтастыққа әрдайым ашық. Біз Біріккен Ұлттар Ұйымының жаһандық кеңістіктегі орнын ешқандай құрылым алмастыра алмайтынына нық сенімдіміз. Бұл бірегей ұйымды әрқашан қолдаймыз, – деді Тоқаев.
Осы орайда президент Қазақстан шет мемлекеттермен екіжақты қарым-қатынасты, сондай-ақ көпжақты деңгейдегі байланыстарды дамытуға ниетті екенін атап өтті.
"Қазақстан – қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Біз экономикамыздың тұрақтылығын қамтамасыз етуге ұмтылып отырмыз. Әрине, бұл оңай емес. Оның табысты болуы көп жағдайда халықаралық ықпалдастыққа, соның ішінде сіздердің елдеріңізбен арадағы ынтымақтастықты дамытуға байланысты", – деді ол.
Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми басталуымен құттықтап, олардың мемлекеттерінің басшыларына ізгі тілегі мен сәлемін жолдады.