Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей Украина бойынша ультиматумдарды қабылдамайды – РФ СІМ

© Sputnik / Нина ЗотинаСергей Рябков
Сергей Рябков - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2024
Жазылу
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Ресей Украинадағы қақтығысқа қатысты ешқандай ультиматумды қабылдамайды, деп мәлімдеді Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков Russia Today арнасына берген сұхбатында.
"Ресей Копенгаген болсын, Бюргеншток болсын, олар қандай форматта ұсынылса да, ешбір ультиматумды қабылдамайды. Ешқандай жағдайда. Олар шындыққа көз ашып қарап, ұрыс даласындағы жағдайды ескеріп, бұл өздерінің шындыққа жанаспайтын идеялары мен Ресейге қоятын талаптарына қаншалықты сәйкес келетінін салыстыруы керек", - деді Рябков.
Айта кетері, Ресей президенті Владимир Путин 2024 жылы Қырым, КХДР, ЛНР, Херсон және Запорожье облыстарының Ресей аймақтары ретіндегі мәртебесін мойындауды, Украинаның блоктан тыс және ядролық қарусыз мәртебесін бекітуді, оны демилитаризациялау мен деназификациялауды, Ресейге қарсы санкциялардың күшін жоюды қарастыратын Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша жаңа бейбіт ұсыныстар жасады. Киевте бұл бастама қабылданбады.
Украина қарулы күштерінің Курск облысына жасаған шабуылынан кейін президент Путин "бейбіт тұрғындарға, азаматтық инфрақұрылымға бей-берекет соққы жасаған немесе атом энергетикасы нысандарына қауіп төндіруге тырысатын тараппен" келіссөз жүргізу мүмкін емес деп мәлімдеді.
Кейінірек Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Мәскеудің қақтығысты реттеу туралы бітімгершілік ұсыныстары жойылмағанын, бірақ қазіргі жағдайды ескере отырып, Ресей Украинамен диалог жүргізбейтінін мәлімдеді.
Жаңалықтар
0