Қазақстандық көкпаршылар Ресейді жеңіп, финалға өтті

© Photo : дирекция V Всемирных игр кочевниковсборная Казахстана выиграла сборную США по кокпару
сборная Казахстана выиграла сборную США по кокпару - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2024
Жазылу
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы финалға шықты.
Көкпаршылар Ресей командасын 18-2 есебімен жеңіп, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының финалына жолдама алды. Финалда Қазақстан Қырғызстан-Түркия кездесуінде жеңіске жеткен командамен алтын жүлдені сарапқа салады.
"Қазанат" ипподромында өтіп жатқан көкпар бәсекесіне 9 мемлекеттің құрамасы қатысып жатыр. Бұл спорт түрінен барлығы 104 спортшы сынға түседі. Көкпардан бақ сынайтын құрамалар: Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия, Қытай, Моңғолия және Түркия.
Жаңалықтар
0