https://sputnik.kz/20240911/qatar-qazaqstanda-su-elektr-stantsiyasy-men-basqa-da-nysandar-salmaq-46997505.html
Қатар Қазақстанда су электр станциясы мен басқа да нысандар салмақ
Қатар Қазақстанда су электр станциясы мен басқа да нысандар салмақ
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Мәжіліс 2024 жылғы 20 наурызда Дохада аяқталған Қазақстан мен Қатар үкіметтері арасындағы басым салалардағы жобаларды дамыту... 11.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-11T13:49+0500
2024-09-11T13:49+0500
2024-09-11T13:49+0500
мәжіліс
су
https://sputnik.kz/img/07e8/04/11/43713673_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_f67d7a0e4071d498b2110d6f193d8560.jpg
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Мәжіліс 2024 жылғы 20 наурызда Дохада аяқталған Қазақстан мен Қатар үкіметтері арасындағы басым салалардағы жобаларды дамыту үшін ұзақмерзімді стратегиялық әріптестік орнату туралы келісімді ратификациялады. Келісімді ратификациялау елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға, мемлекет экономикасының негізгі бағыттарына жаңа капитал тартуға мүмкіндік береді. Құжаттың негізгі мақсаты – телекоммуникация, қаржы, энергетика, мұнай-химия және басқа да салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыру. Бұл қосымша инвестиция тартуға, инфрақұрылымды жақсартуға, заманауи технологияларды енгізуге және жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Қазақстанда барлығы 9 инвестициялық жоба іске асырылады. Оның ішінде үш газ өңдеу зауытының, "Бейнеу-Бозой-Шымкент" газ құбырының екінші желісінің, жаңа "Кс-14" компрессорлық станциясының және "Кс-14-Қостанай" газ құбырының, Қызылорда облысындағы құрама циклді зауыт негізіндегі электр станциясының, Ертіс өзеніндегі су электр станциясының құрылысы бар.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/11/43713673_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_72c96b1ef361e94a77ee4bda565f059d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәжіліс, су
Қатар Қазақстанда су электр станциясы мен басқа да нысандар салмақ
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Мәжіліс 2024 жылғы 20 наурызда Дохада аяқталған Қазақстан мен Қатар үкіметтері арасындағы басым салалардағы жобаларды дамыту үшін ұзақмерзімді стратегиялық әріптестік орнату туралы келісімді ратификациялады.
Келісімді ратификациялау елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға, мемлекет экономикасының негізгі бағыттарына жаңа капитал тартуға мүмкіндік береді.
Құжаттың негізгі мақсаты – телекоммуникация, қаржы, энергетика, мұнай-химия және басқа да салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыру. Бұл қосымша инвестиция тартуға, инфрақұрылымды жақсартуға, заманауи технологияларды енгізуге және жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.
Қазақстанда барлығы 9 инвестициялық жоба іске асырылады. Оның ішінде үш газ өңдеу зауытының, "Бейнеу-Бозой-Шымкент" газ құбырының екінші желісінің, жаңа "Кс-14" компрессорлық станциясының және "Кс-14-Қостанай" газ құбырының, Қызылорда облысындағы құрама циклді зауыт негізіндегі электр станциясының, Ертіс өзеніндегі су электр станциясының құрылысы бар.