https://sputnik.kz/20240911/biyl-31-pilottyq-mektepte-zhana-oqulyqtar-synaqtan-otkizilip-zhatyr-46997811.html
Биыл 31 пилоттық мектепте жаңа оқулықтар сынақтан өткізіліп жатыр
Биыл 31 пилоттық мектепте жаңа оқулықтар сынақтан өткізіліп жатыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Биыл еліміздің 31 пилоттық мектебінде Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының басшылығымен... 11.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-11T14:20+0500
2024-09-11T14:20+0500
2024-09-11T14:20+0500
кітап
мектеп
https://sputnik.kz/img/07e4/08/0d/14695117_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_8b932df8055e7f4977c77e31960a2635.jpg
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Биыл еліміздің 31 пилоттық мектебінде Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының басшылығымен 2025-2026 оқу жылына арналған жаңа оқулықтар апробациядан өтуде, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.Мұндағы мақсат – жаңа оқу бағдарламасы негізінде әзірленген 4-сыныпқа арналған жекелеген пәндер бойынша оқулықтар мазмұнының сапасын анықтау, сондай-ақ мектептер үшін тиімді оқу материалын таңдау.Апробация 4-сыныпқа арналған келесі оқулықтарды қамтиды: "Бейнелеу өнері", "Еңбекке баулу", "Орыс тілі" (қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін), "Шет тілдері" (ағылшын, неміс, француз) және "Цифрлық сауаттылық" (электрондық оқулық).Апробацияға педагогтер мен оқушылар қатысуда, бұл оқулықтардың функционалдығы мен тиімділігі туралы толық мағлұмат алуға мүмкіндік береді.Орталық бес сатылы сараптама жұмысын жүргізеді: ғылыми-педагогикалық сараптама, пысықтау кезеңі, пилоттық мектептерде сынақтан өткізу, қоғамдық талқылау және пәндік сараптама комиссиясы.Сарапшы болуға өтініш бергісі келетін мұғалімдер bmso.kz ресми сайтында сауалнамадан өте алады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/08/0d/14695117_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_6aa70a8d67fa35a0ad1d1d5f0d496bf1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кітап, мектеп
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Биыл еліміздің 31 пилоттық мектебінде Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының басшылығымен 2025-2026 оқу жылына арналған жаңа оқулықтар апробациядан өтуде, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.
Мұндағы мақсат – жаңа оқу бағдарламасы негізінде әзірленген 4-сыныпқа арналған жекелеген пәндер бойынша оқулықтар мазмұнының сапасын анықтау, сондай-ақ мектептер үшін тиімді оқу материалын таңдау.
Апробация 4-сыныпқа арналған келесі оқулықтарды қамтиды: "Бейнелеу өнері", "Еңбекке баулу", "Орыс тілі" (қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін), "Шет тілдері" (ағылшын, неміс, француз) және "Цифрлық сауаттылық" (электрондық оқулық).
Апробацияға педагогтер мен оқушылар қатысуда, бұл оқулықтардың функционалдығы мен тиімділігі туралы толық мағлұмат алуға мүмкіндік береді.
Орталық бес сатылы сараптама жұмысын жүргізеді: ғылыми-педагогикалық сараптама, пысықтау кезеңі, пилоттық мектептерде сынақтан өткізу, қоғамдық талқылау және пәндік сараптама комиссиясы.
Сарапшы болуға өтініш бергісі келетін мұғалімдер bmso.kz ресми сайтында сауалнамадан өте алады.