Астанада "Tro-Phy-Gital Tour" халықаралық автошеруі басталды

© Photo : газета "Оренбуржье"Трофей "Игр будущего"
Трофей Игр будущего - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2024
Жазылу
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Астанада "Tro-Phy-Gital Tour" халықаралық автошеруі басталды.
Осы жылдың ақпан-наурыз айларында Татарстанның Қазан қаласында "Болашақ ойындары" халықаралық мультиспорттық турнирі өтті. Турнирге 116 елдің өкілдері қатысып, оны дүниежүзінде 3,5 миллиардтан астам адам тамашалады.
Бірінші "Болашақ ойындарының" басталуына жүз күн қалғанда "Болашақ ойындары трофейінің жолы" автошеруі басталып, ол Ресейдің сегіз қаласын басып өтіп, трофей Байқоңыр ғарыш айлағына жеткізілді.
Болашақ ойындары 2024 трофейі халықаралық ғарыш станциясында болып, Жерге оралды. Ол жер шарын айналатын "Tro-Phy-Gital Tour" автошеруі аясында өз сапарын аяқтайды.
Автошеру 9 қыркүйекте Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қызған шағында басталды. Трофейді тапсыру рәсімінде автошеруге қатысушылар сахнаға шығып, ғарышкер Сергей Крикалевтің қолынан трофейді алды. Трофей Қазақстанды басып өткеннен кейін Өзбекстан, Түрікменстан, Иран және Катарды аралайды.
Әр ел фиджитал форматына кең аудиторияны тартуға бағытталған спорттық, мәдени-танымдық және ойын-сауық шараларын өткізуді жоспарлап отыр.
Жаңалықтар
0