2030 жылға қарай Қазақстан аумағы арқылы 35 млн тоннаға дейін жүк тасымалданады

© Photo : КТЖПервая мультимодальная перевозка через Трансафганский коридор
Первая мультимодальная перевозка через Трансафганский коридор - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2024
Жазылу
Бүгінгі таңда Қазақстан аумағы арқылы 13 халықаралық көлік дәлізі өтеді
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында "ШЫҰ және ЕАЭО көлік дәліздерін дамыту" тақырыбында Мәскеу-Астана-Баку-Бішкек-Ташкент бейнекөпірі өтті.
"Бүгінгі таңда Қазақстан аумағы арқылы 13 халықаралық көлік дәлізі өтеді. Оның 5-еуі темір жол, 8-і автомобиль дәлізі. Қазіргі уақытта біз "Транскаспий" халықаралық көлік бағыты мен "Солтүстік-Оңтүстік" дәлізін дамытуға ерекше мән беріп отырмыз. Өткен жылдардың нәтижелері бұл бағыттар бойынша қозғалыс көлемінің айтарлықтай өскенін көрсетті", - деді бейнекөпірде Қазақстанның Көлік министрлігі Көлік саясаты департаментінің басшысы Әсемгүл Рахметова.
Департамент басшысы Қазақстанның транзиттік-көліктік дамуының стратегиялық дамуы 2022 жылы бекітілген "Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы" аясында жүзеге асырылатынын айтты.
"Тұжырымдаманы жүзеге асыру нәтижесінде 2030 жылға қарай Қазақстан аумағы арқылы 35 миллион тоннаға дейін жүк көлемі, оның ішінде 2 миллион контейнер тасымалданады деп жоспарлап отырмыз", - деді комитет өкілі.
Ол алдағы уақытта жан-жақты дамытуды көздеп отырған жобалар қатарында "Достық-Мойынты", "Алматы" айналма теміржолы жобасы бар екенін, теңіз порттарында контейнерлік тораптар жүзеге асырылатынын еске салды.
"Жаңа әріптесіміз айтқандай, трансауғандық дәліздер бағытында жаңа бағыттар әзірленуде. Қазақстан бұл бастамаларды толығымен қолдайды және бұл жоба Оңтүстік Азия бағытындағы тауар айналымын арттырады деп есептейді", - деді Әсемгүл Рахметова.
Жаңалықтар
0