https://sputnik.kz/20240910/zhumangarin-yakutiyaga-auyl-sharuashylygy-onimderin-zhetkizudi-usyndy-46988339.html
Жұманғарин Якутияға ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді ұсынды
Жұманғарин Якутияға ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді ұсынды
Sputnik Қазақстан
Ал Саха басшысы Қазақстанда Якутияның шығармашылық мұрасы мен жетістіктерін көрсететін арт-кеңістік құруға ниет білдірді 10.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-10T19:31+0500
2024-09-10T19:31+0500
2024-09-10T19:31+0500
якутия
серік жұманғарин
https://sputnik.kz/img/07e8/09/0a/46988443_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_f14df035a4bd1817d1c776cc93c18985.jpg
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин Якутияға кондитерлік және макарон өнімдерін, шоколад, ет-сүт өнімдерін, өсімдік майларын, жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін жеткізуді ұсынды.Қазақстан вице-премьері Саха Республикасының басшысы Айсен Николаевпен кездесуінде соңғы жылдары Қазақстан мен Якутия арасындағы ынтымақтастықтың айтарлықтай артқанын ризашылықпен атап өтті.2023 жылы Қазақстан мен Якутия өңірлері арасындағы тауар айналымы екі есеге жуық өсіп, $160 млн-нан асты. (2022 жылы – $78,5 млн). 2023 жылы Қазақстаннан Якутияға экспорт 68,6 есеге өсіп, $160,7 млн-ды долларды құрады, ал Якутиядан Қазақстанға импорт 53,2 мың долларды құрады (2022 жылы – $76,2 млн).Кездесу барысында тараптар өзара сауданың әлеуеті толық жүзеге асырылмағанын, тауарлар жеткізілімін ұлғайтуға кең мүмкіндіктер бар екенін атап өтті.Ол сондай-ақ Қазақстанда минералды шикізатты кешенді өңдеуді дамыту және металлургияда жоғары технологиялық өңдеулерге көшу аясында мыс өңдеу жобасына қатысу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.Ал Саха Республикасының басшысы Қазақстанда Якутияның шығармашылық мұрасы мен жетістіктерін көрсететін арт-кеңістік құруға ниет білдірді."Дәл осы кеңістікте біз республикамыздың мәдени байлығын, зергерлік және сүйек өңдеу өнері, бейнелеу өнері және басқа да өнер түрлерін көрсеткіміз келеді. Бұл кеңістік шығармашылық индустрия өкілдерінің кең ауқымын біріктіріп, әртүрлі мәдени және халықаралық іс-шараларды өткізу орнына айналар еді. Бізде осындай арт-кеңістіктер құрудың оң тәжірибесі бар. Қазақстандық достарымыздың қолдауымен осындай кеңістікті Қазақстанда да жасай алар едік", — деп ұсынды Айсен Николаев.
якутия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/09/0a/46988443_251:0:1751:1125_1920x0_80_0_0_3467661405562c3fa965b75db4626945.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
якутия, серік жұманғарин
Жұманғарин Якутияға ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді ұсынды
Ал Саха басшысы Қазақстанда Якутияның шығармашылық мұрасы мен жетістіктерін көрсететін арт-кеңістік құруға ниет білдірді
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин Якутияға кондитерлік және макарон өнімдерін, шоколад, ет-сүт өнімдерін, өсімдік майларын, жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін жеткізуді ұсынды.
Қазақстан вице-премьері Саха Республикасының басшысы Айсен Николаевпен кездесуінде соңғы жылдары Қазақстан мен Якутия арасындағы ынтымақтастықтың айтарлықтай артқанын ризашылықпен атап өтті.
2023 жылы Қазақстан мен Якутия өңірлері арасындағы тауар айналымы екі есеге жуық өсіп, $160 млн-нан асты. (2022 жылы – $78,5 млн). 2023 жылы Қазақстаннан Якутияға экспорт 68,6 есеге өсіп, $160,7 млн-ды долларды құрады, ал Якутиядан Қазақстанға импорт 53,2 мың долларды құрады (2022 жылы – $76,2 млн).
Кездесу барысында тараптар өзара сауданың әлеуеті толық жүзеге асырылмағанын, тауарлар жеткізілімін ұлғайтуға кең мүмкіндіктер бар екенін атап өтті.
"Серік Жұманғарин ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынды, атап айтқанда, Якутияға кондитерлік және макарон өнімдерін, шоколад, ет-сүт өнімдерін, өсімдік майларын, жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін жеткізуді қамтамасыз етуді ұсынды", - деп жазылған үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ол сондай-ақ Қазақстанда минералды шикізатты кешенді өңдеуді дамыту және металлургияда жоғары технологиялық өңдеулерге көшу аясында мыс өңдеу жобасына қатысу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Ал Саха Республикасының басшысы Қазақстанда Якутияның шығармашылық мұрасы мен жетістіктерін көрсететін арт-кеңістік құруға ниет білдірді.
"Дәл осы кеңістікте біз республикамыздың мәдени байлығын, зергерлік және сүйек өңдеу өнері, бейнелеу өнері және басқа да өнер түрлерін көрсеткіміз келеді. Бұл кеңістік шығармашылық индустрия өкілдерінің кең ауқымын біріктіріп, әртүрлі мәдени және халықаралық іс-шараларды өткізу орнына айналар еді. Бізде осындай арт-кеңістіктер құрудың оң тәжірибесі бар. Қазақстандық достарымыздың қолдауымен осындай кеңістікті Қазақстанда да жасай алар едік", — деп ұсынды Айсен Николаев.