https://sputnik.kz/20240910/zhalgan-aqparat-taratqan-blogerler-zhauapqa-tartyla-bastady-46976638.html
Жалған ақпарат таратқан блогерлер жауапқа тартыла бастады
Жалған ақпарат таратқан блогерлер жауапқа тартыла бастады
Sputnik Қазақстан
Тіркелген құқық бұзушылықтардың көп бөлігін (67) онлайн-платформа пайдаланушылары жасаған 10.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-10T22:50+0500
2024-09-10T22:50+0500
2024-09-10T22:50+0500
жалған ақпарат
блогер
https://sputnik.kz/img/07e7/06/07/35711593_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_1db2a92307b2b6a4583fb617bc033224.jpg
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда "фейк" ақпарат таратқаны үшін блогерлерге айыппұл салына бастады, деп жазды Ranking.kz.Қыркүйек айының басында "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" жаңа заңның күшіне енгеніне бір жыл болды. Заңның негізгі жаңалығы барлық онлайн-платформа пайдаланушыларын жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту болды.Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (БП ҚСжАЕК) есептерінен алынған деректерге сай биылғы жылдың қаңтар–шілде айларында "Жалған ақпаратты орналастыру, тарату" ӘҚБтК-нің 456-2-бабы бойынша 77 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген.Тіркелген құқық бұзушылықтардың көп бөлігін (67) онлайн-платформа пайдаланушылары жасаған, олар жаңалықтарға комментарий ретінде немесе посттарында қоғамдық тәртіпті, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын ақпаратты орналастырған.Тіркелген құқық бұзушылықтардың жартысынан азын (30) уәкілетті орган (ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі) қарады, тағы 38-і сотқа жетті. 50 адам жауапкершілікке тартылды. Олар айыппұл төлейді.Осы бап бойынша жеті ай ішінде өндіріп алынған қаражаттың жалпы сомасы 2,8 млн теңге болды. Әзірге тек 63,2% өндірілді.Айта кетері, әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратқаны үшін немесе "фейк" аралас комментарий жазғаны үшін төленетін айыппұл сомасы отбасы бюджетіне айтарлықтай салмақ салады: 20 АЕК немесе 73,8 мың теңге.ӘҚБтК бойынша блогерлер үшін айыппұл мөлшері сәл жоғары: 30 АЕК немесе 110,8 мың теңге.Қаңтар–шілде айларында қазақстандық инфлюэнсерлерге жалған ақпарат таратқаны үшін 166,1 мың теңге айыппұл салынды. Оның 55,4 мың теңгесі өндіріп алынды."Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" заңдағы тағы бір маңызды жаңа талап — блогерлер жеке кәсіпкер ретінде тіркелу керек және жарнамаларын таңбалау қажет.Сарапшылардың, медиа заңгерлердің пікірінше жауапкершіліктің енгізілуі болашақта инфлюэнсерлерді әртүрлі қаржы пирамидалары, кибербуллинг және т. б. туралы тексерілмеген ақпаратты жарияламауға мәжбүр етеді.
https://sputnik.kz/20240906/dosaevtyn-komekshisi-ustaldy-zhalgan-aqparat-taratqandar-zhauapqa-tartylady-46824876.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/07/35711593_0:0:1138:853_1920x0_80_0_0_3215def8daa28d0c4f88e2f0084f1249.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жалған ақпарат, блогер
Жалған ақпарат таратқан блогерлер жауапқа тартыла бастады
Тіркелген құқық бұзушылықтардың көп бөлігін (67) онлайн-платформа пайдаланушылары жасаған
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда "фейк" ақпарат таратқаны үшін блогерлерге айыппұл салына бастады, деп жазды
Ranking.kz. Қыркүйек айының басында "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" жаңа заңның күшіне енгеніне бір жыл болды. Заңның негізгі жаңалығы барлық онлайн-платформа пайдаланушыларын жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту болды.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (БП ҚСжАЕК) есептерінен алынған деректерге сай биылғы жылдың қаңтар–шілде айларында "Жалған ақпаратты орналастыру, тарату" ӘҚБтК-нің 456-2-бабы бойынша 77 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген.
Тіркелген құқық бұзушылықтардың көп бөлігін (67) онлайн-платформа пайдаланушылары жасаған, олар жаңалықтарға комментарий ретінде немесе посттарында қоғамдық тәртіпті, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын ақпаратты орналастырған.
"Блогерлер таратқан "фейктерге" тоқталсақ, 5 құқық бұзушылық тіркелді, 2 адам жауапқа тартылды", - деп жазды портал.
Тіркелген құқық бұзушылықтардың жартысынан азын (30) уәкілетті орган (ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі) қарады, тағы 38-і сотқа жетті. 50 адам жауапкершілікке тартылды. Олар айыппұл төлейді.
Осы бап бойынша жеті ай ішінде өндіріп алынған қаражаттың жалпы сомасы 2,8 млн теңге болды. Әзірге тек 63,2% өндірілді.
Айта кетері, әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратқаны үшін немесе "фейк" аралас комментарий жазғаны үшін төленетін айыппұл сомасы отбасы бюджетіне айтарлықтай салмақ салады: 20 АЕК немесе 73,8 мың теңге.
ӘҚБтК бойынша блогерлер үшін айыппұл мөлшері сәл жоғары: 30 АЕК немесе 110,8 мың теңге.
Қаңтар–шілде айларында қазақстандық инфлюэнсерлерге жалған ақпарат таратқаны үшін 166,1 мың теңге айыппұл салынды. Оның 55,4 мың теңгесі өндіріп алынды.
"Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" заңдағы тағы бір маңызды жаңа талап — блогерлер жеке кәсіпкер ретінде тіркелу керек және жарнамаларын таңбалау қажет.
Сарапшылардың, медиа заңгерлердің пікірінше жауапкершіліктің енгізілуі болашақта инфлюэнсерлерді әртүрлі қаржы пирамидалары, кибербуллинг және т. б. туралы тексерілмеген ақпаратты жарияламауға мәжбүр етеді.