Қазақстан мен Вьетнам экологиялық таза авиаотын өндіретін болады

© Photo : Пресс-служба АО НК "КазМунайГаз"Встреча руководителя КМГ Асхата Хасенова с главой вьетнамской компании Sovico Group Нгуеном Тхань Хунгом
Встреча руководителя КМГ Асхата Хасенова с главой вьетнамской компании Sovico Group Нгуеном Тхань Хунгом - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2024
Жазылу
"ҚазМұнайГаз" вьетнамдық Sovico Group компаниясымен ынтымақтасады
АСТАНА, 10 қыркүйек - Sputnik. Қазақстан мен Вьетнам экологиялық таза авиаотын өндіретін болады. Бұл туралы "Қазмұнайгаз" компаниясы хабарлады.
ҚМГ басқарма төрағасы Асхат Хасенов пен Sovico Group вьетнамдық компаниясының басшысы Нгуен Тхан Хунгпен кездесуде ынтымақтастық туралы талқылады. Вьетнамдық компания Qazaq Air-ді сатып алатынын ескере отырып, Saf тұрақты авиациялық отын өндіру жобалары мен көміртегі несиелері бойынша ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Saf тұрақты авиациялық отын шығару жөніндегі мәселелерді неғұрлым егжей-тегжейлі пысықтау үшін компаниялар арасында арнайы жұмыс топтарын құру туралы уағдаласты. Бұл отын, әдеттегі авиакеросиннен айырмашылығы, көміртегі шығарындыларын 80%-ке азайтады.
Sovico Group Қазақстанмен белсенді ынтымақтасады және Qazaq Air қазақстандық авиакомпаниясын сатып алуды жоспарлап отыр, мәмілені 2024 жылдың қыркүйегінде аяқтайды
Жаңалықтар
0