Фермерлерге 67,7 мың тонна дизель отыны және 5 мың тонна сұйытылған газ бөлінді

© Sputnik / Тимур БатыршинГазозаправочная станция, архивное фото
Газозаправочная станция, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2024
Жазылу
10 қыркүйектегі жағдай бойынша еліміз бойынша шамамен 4,7 млн га дәнді және бұршақты дақыл жиналды
АЛМАТЫ, 10 қыркүйек – Sputnik. Энергетика министрлігі астықты кептіру агрегаттары үшін қосымша 67,7 мың тонна арзандатылған дизель отынынын бөлді. Бұл туралы үкіметте өткен күзгі-дала жұмыстары мәселелері жөніндегі жедел штаб отырысында айтылды.
Өтінімді Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының аграршылары берген. Астық егетін осы алты өңірде кептіргіштердің жұмысына 21,5 мың тонна сұйық отын қажет болса, (қыркүйек-қазан) қазіргі уақытта 5 мың тонна бөлінді.
"Сұйытылған газ сұйық отынмен жұмыс істейтін кептіргіштердің ең көп саны орналасқан Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарына таратылды. Басқа үш облыстың фермерлерін кептіру агрегаттарын сұйытылған газбен жедел қамтамасыз ету үшін вице-премьер Серік Жұманғарин бөлінген отын көлемін қажеттілік туындаған өңірлерге қайта бөлуді тапсырды", - делінген хабарламада.
Жедел штабта "ҚазАгроҚаржы" АҚ басқарма төрағасы Айдар Прашев егін жинау кезеңінде астық кептіргіштерді жылдық 9%-бен сатып алуға кредит беру үшін қаржы құралы әзірленгенін хабарлады. Фермерлерден 260 млн теңге сомаға 6 өтінім келіп түсті. Айта кету керек, ауыл шаруашылығы техникасының осы түрі құнының 30% мемлекет субсидиялайды.
10 қыркүйектегі жағдай бойынша еліміз бойынша шамамен 4,7 млн га дәнді және бұршақты дақыл жиналды немесе 28%, орташа өнімділік 14,9 ц/га құрайды, шамамен 6,9 млн тонна астық бастырылды.
5 қыркүйектегі жағдай бойынша республика элеваторларына 880,5 мың тонна астық түсті, оның ішінде ылғалдылығы 14,5%-ға дейін – 40,1% болса, 14,6-дан 17,0%-ға дейін – 23,1%. 260,4 мың тонна (29,6%) кептірілді, 321,8 мың тонна (36,5%) өңделді.
Жаңалықтар
0