https://sputnik.kz/20240910/astana-stansasynda-tsisternadan-kukirt-qyshqyly-togildi-46988800.html
Астана стансасында цистернадан күкірт қышқылы төгілді
Астана стансасында цистернадан күкірт қышқылы төгілді
Sputnik Қазақстан
Зерттеу нәтижесі бойынша ауадағы зиянды заттардың деңгейі шекті рұқсат етілген мөлшерден аспағаны анықталды 10.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-10T18:56+0500
2024-09-10T18:56+0500
2024-09-10T18:56+0500
астана
https://sputnik.kz/img/07e8/09/0a/46988895_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_2fcdfb83f6d1af0e7809963323416cc0.jpg
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Астана стансасында цистернада жарық пайда болып, күкірт қышқылы төгілген, деп хабарлады Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.Жүк пойызының теміржол цистернасынан күкірт қышқылының төгілгені туралы ақпарат 10 қыркүйекте Астана станциясының станциялық диспетчерінен түскен.Департаменттің және Астана қаласындағы "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының мамандары оқиға орнына шұғыл түрде келіп, күкірт қышқылының төгілу фактісіне байланысты атмосфералық ауа сынамаларын алды.Зерттеу нәтижесі бойынша ауадағы зиянды заттардың деңгейі шекті рұқсат етілген мөлшерден аспағаны анықталды.Қазіргі уақытта күкірт қышқылының ағуы тоқтатылды, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.Күкірт қышқылы – химиялық тұрғыдан өте белсенді және қауіпті заттардың бірі. Ол теріге, шырышты қабаттарға және тыныс алу жүйесіне қатты тітіркендіру әсерін тигізуі мүмкін.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/09/0a/46988895_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_a14c39bf671ef6a5cbaf32955d373375.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана
Астана стансасында цистернадан күкірт қышқылы төгілді
Зерттеу нәтижесі бойынша ауадағы зиянды заттардың деңгейі шекті рұқсат етілген мөлшерден аспағаны анықталды
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Астана стансасында цистернада жарық пайда болып, күкірт қышқылы төгілген, деп хабарлады Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.
Жүк пойызының теміржол цистернасынан күкірт қышқылының төгілгені туралы ақпарат 10 қыркүйекте Астана станциясының станциялық диспетчерінен түскен.
"Челябинск қаласынан Жаңатас қаласын бағыт алған жүк тасымалдаушы цистерналар Астана қаласындағы Астана станциясының пред-горочный паркінің 2-ші жолында тоқтаған. Теміржол қызметкерлері тексеру жүргізу барысында цистернада жарық пайда болып, күкірт қышқылының төгілгенін анықтады", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Департаменттің және Астана қаласындағы "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының мамандары оқиға орнына шұғыл түрде келіп, күкірт қышқылының төгілу фактісіне байланысты атмосфералық ауа сынамаларын алды.
Зерттеу нәтижесі бойынша ауадағы зиянды заттардың деңгейі шекті рұқсат етілген мөлшерден аспағаны анықталды.
Қазіргі уақытта күкірт қышқылының ағуы тоқтатылды, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Күкірт қышқылы – химиялық тұрғыдан өте белсенді және қауіпті заттардың бірі. Ол теріге, шырышты қабаттарға және тыныс алу жүйесіне қатты тітіркендіру әсерін тигізуі мүмкін.