https://sputnik.kz/20240909/rt-men-rossiya-segodnya-bas-redaktory-aqsh-tyn-sanktsiya-saluynyn-eki-sebebin-atady-46890132.html
RT мен “Россия сегодня” бас редакторы АҚШ-тың санкция салуының екі себебін атады
RT мен “Россия сегодня” бас редакторы АҚШ-тың санкция салуының екі себебін атады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. “Россия сегодня” медиа тобының және RT телеарнасының бас редакторы Маргарита Симонян “Россия 1” телеарнасындағы эфирде RT табысын... 09.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-09T11:00+0500
2024-09-09T11:00+0500
2024-09-09T11:00+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
ресей
бақ
санкция
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/14/30483275_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_d2aeede062c5ff49039648913fbf4b2b.jpg
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. “Россия сегодня” медиа тобының және RT телеарнасының бас редакторы Маргарита Симонян “Россия 1” телеарнасындағы эфирде RT табысын АҚШ-тың ресейлік БАҚ-қа қарсы санкция салуындағы екі себептің бірі деп атады, деп хабарлайды РИА Новости.Бұған дейін эфирде ол Ресейдің арнайы операциясы басталғаннан кейін Украинаны қолдайтын бірқатар батыс елі телеарна мен медиа топтың жұмысын шектегенін, соның ішінде лицензияны қайтарып алғанын еске салды.“Осы елдерде, атап айтқанда, АҚШ-та біз қалайша астыртын жұмыс істей бастадық. Біз бірнеше “партизандық” жобаны ұйымдастырдық”, - дейді журналист.Ол сонымен қатар басқа елдерде де аудитория көбейгенін айтты.“Біз шектеу жоқ елдерде хабар таратуды күшейттік. Бұл Латын Америкасы, араб әлемі, Африкада біз өте жақсы өстік”, - деді медиа менеджер.Сәрсенбіде АҚШ "Россия сегодня" медиа тобына қарсы санкциялар салды. Жаңа санкциялар "Россия сегодня" медиа тобы мен RT бас редакторы Маргарита Симоньянға және осы телеарнаның бірқатар топ-менеджеріне қатысты.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/14/30483275_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_ea768f9925e66d35705c7d697abbe996.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, бақ, санкция
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. “Россия сегодня” медиа тобының және RT телеарнасының бас редакторы Маргарита Симонян “Россия 1” телеарнасындағы эфирде RT табысын АҚШ-тың ресейлік БАҚ-қа қарсы санкция салуындағы екі себептің бірі деп атады, деп хабарлайды РИА Новости.
“Неге олар мұны енді жасады? Екі себеп бойынша: біріншіден, жобалар керемет табысты болды: біздің аудитория біз ашық хабар таратқан кездегімен салыстырғанда айтарлықтай өсті. Өткен жылдың өзінде ағылшын тіліндегі жобаларымыз 14 миллиардқа жуық қаралым жинаған. Бұл оларға ауыр тиеді. Бұл біздің ең жақын бәсекелестеріміз BBC, CNN телеарналарына қарағанда әлдеқайда жоғары. Оған қоса, сайлау қарсаңында олар әдеттегідей қоғам назарын Ресейге бұруға әрекеттенеді”, - деді Симонян.
Бұған дейін эфирде ол Ресейдің арнайы операциясы басталғаннан кейін Украинаны қолдайтын бірқатар батыс елі телеарна мен медиа топтың жұмысын шектегенін, соның ішінде лицензияны қайтарып алғанын еске салды.
“Осы елдерде, атап айтқанда, АҚШ-та біз қалайша астыртын жұмыс істей бастадық. Біз бірнеше “партизандық” жобаны ұйымдастырдық”, - дейді журналист.
Ол сонымен қатар басқа елдерде де аудитория көбейгенін айтты.
“Біз шектеу жоқ елдерде хабар таратуды күшейттік. Бұл Латын Америкасы, араб әлемі, Африкада біз өте жақсы өстік”, - деді медиа менеджер.
Сәрсенбіде АҚШ "Россия сегодня" медиа тобына қарсы санкциялар салды. Жаңа санкциялар "Россия сегодня" медиа тобы мен RT бас редакторы Маргарита Симоньянға және осы телеарнаның бірқатар топ-менеджеріне қатысты.