Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: 9 қыркүйекте қандай жарыстар өтеді

© Photo : дирекция Всемирных игр кочевниковСоревнования по Жамбы ату на V Всемирных играх кочевников
Соревнования по Жамбы ату на V Всемирных играх кочевников - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2024
Жазылу
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Астанада өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 9 қыркүйек көкпардан 9 мемлекеттің спортшылары өзара мықтыны анықтайды.
Бұл спорт түрінен барлығы 104 спортшы қатысады. Көкпардан бақ сынайтын құрамалар: Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия, Қытай, Моңғолия және Түркия. Жарыс "Қазанат" ипподромында өтеді. Жарыс "Қазанат" ипподромында өтеді. Басталуы: 10-00.
Сағат 12-00"-де Арғымақ" ат-спорт кешенінде дәстүрлі садақ атудан жарыс басталады. 33 мемлекеттен 183 спортшы бақ сынайды. Қазақстан құрамасы сапынан 10 спортшы қатысады.
Жарыс үш түрлі нысана негізінде өткізіледі.
Олар: Пута нысанасы 70/60 метр (9 оқтан 7 мүмкіндік); Қалқан нысанасы 60/50 метр (7 оқтан 7 мүмкіндік); Жамбы нысанасы 30 метр (5 оқтан 5 мүмкіндік) және командалық жарыс (30 метр).
Астана қаласында ипподром маңындағы этноауылда өтетін аударыспақтан Көшпенділер ойындарына 9 мемлекеттен, 64 спортшы тіркелді. Олар: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Түркия, Венгрия, Қытай, АҚШ және Ресей.
Қазақстан намысын Ермек Құралбай, Алмат Ләтіпбек, Дарын Өткелбай, Есімхан Рахматіллә, Сырым Ізбасаров және Біржан Қосалиев қорғайды. Басталуы сағат 17-00-де.
Асық атудан сынға түсетін спортшылар да жеребе тартып, қарсыластарын анықтады. Олар "Алау" мұз айдыны сарайында бәсекеге түседі. Асық атудан 12 мемлекеттен келген 39 спортшы өзара мықтыны анықтайды.
Асық атудан ел намысын 8 асық атушы қорғайды. Олар – Нуркисса Молжигитов, Жомарт Нурланов, Керім Жаздықбай, Амандос Айткұлов, Перизат Елемес, Камила Даниярова, Сания Әскер және Көгершін Думан. Финалдық ойындар 11 қыркүйекте өтеді.
Қазақ күресі Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді. Көшпенділер ойындарына қазақ күресінен 41 мемлекеттен 274 спортшы қатысады. Аталмыш спорт түрінен ерлер мен әйелдердің әрқайсы 8 салмақ дәрежесінде сынға түседі. Басталуы сағат 10-00-де, Финал: 16-00-де.
"Алау" мұз айдыны сарайында өтетін курашқа 27 мемлекеттен 106 спортшы қатысады. Аталған спорт түрінен балуандар ерлер арасында бес салмақта, әйелдер арасында үш салмақ дәржесінде белдеседі.
Ел намысын 8 спортшы қорғайды. Олар – Ернұр Сүлеймен, Айбек Қазақбаев, Нұрдін Шаймерден, Бекадил Шаймерденов, Марат Байкамуров, Алтынай Нұрханова, Ажар Салықова және Альбина Бахиева.
Жаңалықтар
0