https://sputnik.kz/20240909/bektenov-prezidentke-egin-oragy-zhane-su-tasqynynan-keyingi-zhumystar-turaly-bayandady-46923553.html
Бектенов президентке егін орағы және су тасқынынан кейінгі жұмыстар туралы баяндады
Бектенов президентке егін орағы және су тасқынынан кейінгі жұмыстар туралы баяндады
Sputnik Қазақстан
Еліміздегі негізгі дәнді дақылдар алқабының 27 пайызы жиналған 09.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-09T16:18+0500
2024-09-09T16:18+0500
2024-09-09T16:18+0500
олжас бектенов
https://sputnik.kz/img/07e8/09/09/46922022_113:0:1167:593_1920x0_80_0_0_08592fc3e67929a0bff8567db6323ba5.jpg
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Үкімет басшысы Олжас Бектенов президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, егін орағы және су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлады Ақорда.Олжас Бектеновтің айтуынша, биыл өңдеу өнеркәсібі және құрылыс саласы экономикалық дамудың негізгі факторына айналды.Ауыл шаруашылығында да айтарлықтай өсім бар. Еліміздегі негізгі дәнді дақылдар алқабының 4,5 миллион гектарға жуығы немесе 27 пайызы жиналған. Орта есеппен бір гектардан 15 центнер өнім алынып отыр.Қасым-Жомарт Тоқаевқа су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды баспанамен қамту жөнінде мәлімет берілді. Бүгінге дейін 7 463 отбасы жаңа қонысқа көшті. 479 баспананың құрылысы аяқталуға жақын. Сонымен қатар 9 171 отбасына жөндеу жұмыстары үшін өтемақы төленді.Кездесу соңында мемлекет басшысы жүргізіліп жатқан жұмыстың маңызын атап өтіп, елімізді одан әрі әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/09/09/46922022_245:0:1036:593_1920x0_80_0_0_1e8413ca48de04c7b24ca836f2e01d61.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
олжас бектенов
Бектенов президентке егін орағы және су тасқынынан кейінгі жұмыстар туралы баяндады
Еліміздегі негізгі дәнді дақылдар алқабының 27 пайызы жиналған
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Үкімет басшысы Олжас Бектенов президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, егін орағы және су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлады Ақорда.
Олжас Бектеновтің айтуынша, биыл өңдеу өнеркәсібі және құрылыс саласы экономикалық дамудың негізгі факторына айналды.
Ауыл шаруашылығында да айтарлықтай өсім бар. Еліміздегі негізгі дәнді дақылдар алқабының 4,5 миллион гектарға жуығы немесе 27 пайызы жиналған. Орта есеппен бір гектардан 15 центнер өнім алынып отыр.
"Шамамен 6,6 миллион тонна астық бастырылды. Бұл былтырғы көрсеткіштен 40 пайызға артық. Шаруашылықтарға арзандатылған дизель отынын жеткізу кестеге сай жүргізіліп жатыр", - деді үкімет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды баспанамен қамту жөнінде мәлімет берілді. Бүгінге дейін 7 463 отбасы жаңа қонысқа көшті. 479 баспананың құрылысы аяқталуға жақын. Сонымен қатар 9 171 отбасына жөндеу жұмыстары үшін өтемақы төленді.
Кездесу соңында мемлекет басшысы жүргізіліп жатқан жұмыстың маңызын атап өтіп, елімізді одан әрі әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді.