Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Батыс Украинаға қатысты келіссөзді Ресейге міндеттеуге тырысады - РФ қоғамдық палата өкілі

© Sputnik / Станислав Красильников / Медиабанкке өтуСнайперы горного мотострелкового соединения ЦВО на Авдеевском направлении
Снайперы горного мотострелкового соединения ЦВО на Авдеевском направлении - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2024
Жазылу
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Ресей Федерациясының Қоғамдық палатасының егемендік мәселелері жөніндегі комиссиясының төрағасы, жаңа аймақтарды біріктіру жөніндегі үйлестіру кеңесінің тең төрағасы Владимир Рогов ұжымдық Батыс қкқтығыста жеңілуге жол бермеу және реаейлік әскердің одан әрі алға жылжуын тоқтату үшін Украина бойынша келіссөздер жүргізуге Ресейді міндеттеуге тырысатынынайтты, деп хабарлады РИА Новости.
Бұған дейін Германия канцлері Олаф Шольц ZDF арнасына берген сұхбатында Украинадағы қарулы қақтығысты тезірек тоқтатуды талқылаудың сәті келгенін айтқан.
“Шольцтың бұл мәлімдемесінің қисыны бар, Батыс Украина қарулы күштері қақтығыс аймағында қалай жеңіліп жатқанын анық көріп отыр, сондықтан бұл жағдайды сақтап қалу керек, әйтпесе олар әлдеқайда үлкен аумақтарды жоғалтады және біздің Батысқа ілгерілеуіміз әлдеқайда байқалады. Оларға осыған жол бермеу үшін кез келген формат қажет”, - деді Рогов.
Оның айтуынша, қазір ұжымдық Батыстың Украина қарулы күштеріне қарсы тарапты тежеуге ұсынатын ештеңесі жоқ.
“Келіссөздер тек бір нәрсеге қатысты болуы мүмкін – Зеленский режимін капитуляциялау. Бірақ қазір біз Батыстың орасан зор қысым толқынымен бетпе-бет келіп отырмыз, бүгінгі күні қақтығыс аймағында Ресей күші барған сайын айқын болып, олар өздерінің жеңілісінің алдын алу үшін бізді келіссөздер жүргізуге міндеттеуді тырысып жатыр”, - деді Рогов.
Жаңалықтар
0