Азия даму банкі Қазақстанға жаңартылатын энергия көздеріне көшу үшін грант береді

© PhotoОбъекты KEGOC
Объекты KEGOC - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2024
Жазылу
Бұған дейін "KEGOC" АҚ, энергетика министрлігі және Азия Даму Банкі Қазақстанның энергетикалық жүйесінің икемділігін арттыру бойынша бірінші кезектегі шаралардың жол картасына қол қойды
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. KEGOC пен Азия даму банкі Қазақстанның жаңартылатын энергия көздеріне көшуін қолдау туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Құжатқа сәйкес, АДБ техникалық қолдау көрсетеді, сонымен қатар төрт бағытты жүзеге асыруға гранттық қаражат бөледі:
"KEGOC" АҚ-да Жаңартылатын энергия көздері бойынша орталық құру;
"KEGOC" АҚ жаңартылатын энергия көздерінің өндірісін жоғары сапалы болжау үшін заманауи бағдарламалық жасақтама орнату;
қолданыстағы және жаңадан іске қосылатын өндіруші қуаттарды пайдалану тиімділігін арттыру бойынша озық әлемдік тәжірибеге сәйкес энергетикалық жүйенің теңгерімдеу мүмкіндіктерін техникалық бағалау;
"KEGOC" АҚ тарифтік әдістемесін жетілдіру.
"Бұл бағыттар Қазақстан Республикасы энергетика министрлігі, "KEGOC" АҚ және Азия даму банкі арасында бұрын қол қойылған Қазақстанның энергетикалық жүйесінің икемділігін арттыру жөніндегі бірінші кезектегі шаралардың Жол картасы аясында жүзеге асырылуда", - делінген хабарламада.
Компания "KEGOC" АҚ АДБ-мен бірлесіп жүзеге асырып жатқан осы және басқа да іс-шаралар Қазақстанның энергетикалық әлеуетін дамытуға ықпал ететінін мәлімдеді.
Жаңалықтар
0