https://sputnik.kz/20240909/astanada-sot-qalyn-maldy-boluden-bas-tartty-46940393.html
Астанада сот қалың малды бөлуден бас тартты
Астанада сот қалың малды бөлуден бас тартты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Астанада сот қалың малды бөліп алғысы келген жігіттің талабын қанағаттандырмады. 09.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-09T19:58+0500
2024-09-09T19:58+0500
2024-09-09T19:59+0500
қалың мал
https://sputnik.kz/img/07e5/08/17/17930903_72:0:1210:640_1920x0_80_0_0_39fda7710e99be40fa13e0ef39c413a7.jpg
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Астанада сот қалың малды бөліп алғысы келген жігіттің талабын қанағаттандырмады.Жігіт үйлену тойын өткізу кезінде достары мен туыстары жауапкерге (жұбайына) 5 млн теңге ақша және 1 млн теңге тұратын гауһарлы әшекейлер (сырға мен сақина) мен неке жүзігін бергенін айтып, мүлікті бөлу туралы талап арыз түсірген.Талапкер сотқа жауапкер бұл ақша мен зергерлік бұйымдарды заңсыз иемденгенін айтқан. Ал жауапкер талаппен келіспеді.Себебі істі қарау барысында сыйға берілген 5 млн теңгені алу фактісі құжатпен расталмағаны анықталған, аталған қаражатты жауапкердің иемденіп алғаны дәлелденбеді."Зергерлік бұйымдарға келетін болсақ, ол қалыңдыққа некеге дейін берілген, сондықтан бұл оның жекеменшігі, сол себепті ол бөлісуге жатпайды", - деп түсіндірді сот.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/08/17/17930903_214:0:1067:640_1920x0_80_0_0_8cf3758142f26bb53c8fa2789382c626.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қалың мал
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Астанада сот қалың малды бөліп алғысы келген жігіттің талабын қанағаттандырмады.
Жігіт үйлену тойын өткізу кезінде достары мен туыстары жауапкерге (жұбайына) 5 млн теңге ақша және 1 млн теңге тұратын гауһарлы әшекейлер (сырға мен сақина) мен неке жүзігін бергенін айтып, мүлікті бөлу туралы талап арыз түсірген.
Талапкер сотқа жауапкер бұл ақша мен зергерлік бұйымдарды заңсыз иемденгенін айтқан. Ал жауапкер талаппен келіспеді.
"Сот іс материалдарын зерделеп, тараптарды тыңдап, талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдады", - деп жазылған Астана соттары таратқан хабарламада.
Себебі істі қарау барысында сыйға берілген 5 млн теңгені алу фактісі құжатпен расталмағаны анықталған, аталған қаражатты жауапкердің иемденіп алғаны дәлелденбеді.
"Зергерлік бұйымдарға келетін болсақ, ол қалыңдыққа некеге дейін берілген, сондықтан бұл оның жекеменшігі, сол себепті ол бөлісуге жатпайды", - деп түсіндірді сот.