Терең шұңқырға құлап кеткен бала құтқарылды – видео

© Пресс-служба МЧС КазахстанаРебенка спасли из трехметровой ямы спасатели
Ребенка спасли из трехметровой ямы спасатели - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2024
Жазылу
Өрт сөндіру бөлімінің жүгізушісі Нұрлыбек Саламатов баланы алып шықты
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Атырау облысында екі жасар бала үш метрлік шұңқырға құлап кетті. Оны өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі алып шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Министрлік оқиғаның видеосын жарялады.
Индер ауданындағы Индербор кентінде екі жасар бала тар үш метрлік шұңқырға құлап кеткен. №5 өрт сөндіру бөлімінің жүгізушісі Нұрлыбек Саламатов баланы алып шықты.
"Оқиға орнына әріптестерімен бірге келген Нұрлыбек Саламатов жанқиярлықпен және батылдықпен әрекет етті. Оның аяғын басқа құтқарушылар ұстап тұрды, ал ол кішкентайға жетіп, оны қауіпті аймақтан тез шығарып алды", - дейді құтқарушылар.
Балаға медициналық көмек қажет болмады. Ал ТЖМ қызметкерлері мұндай құтқару операциялары жиі болатынын айтып отыр. Ондайда әр секунд маңызды.
Жаңалықтар
0