Ольга Рыпакова Азия Олимпиада кеңесі атқарушы комитетінің мүшесі болып сайланды

© Photo : Служба центральных коммуникаций при президенте РКОльга Рыпакова
Ольга Рыпакова - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2024
Жазылу
Ол АОК атқарушы комитетінде Орталық Азия атынан аймақ әйелдерінің өкілі ретінде жұмыс істейді
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті спортшылар комиссиясының төрағасы Ольга Рыпакова Азия Олимпиада кеңесі (АОК) атқарушы комитетінің құрамына енді, деп хабарлады Olympic.kz.
Олимпиада чемпионының кандидатурасы Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Олимпиада қозғалысы құрлықтық органының бас ассамблеясы барысында АОК атқарушы комитетінің қарауына ұсынылды.
Ассамблеяға қатысушылар Ольга Рыпаковаға бірауыздан дауыс берді. Айта кетері, ол АОК атқарушы комитетінде Орталық Азия атынан аймақ әйелдерінің өкілі ретінде жұмыс істейді.
Сондай-ақ іс-шара аясында АОК президентінің сайлауы өтті. Басшы болып Раджа Рандхир Сингх (Үндістан) сайланды.
Олимпийская чемпионка Ольга Рыпакова - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.02.2023
Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова кәсіби карьерасын ресми түрде аяқтады
Жаңалықтар
0