Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Непалдың экс-премьері Украинадағы қақтығысты тоқтатудың ықтимал нұсқасын атады

© Photo : Минобороны РФЗенитчики группировки войск "Центр" прикрывают российские войска на Авдеевском направлении.
Зенитчики группировки войск Центр прикрывают российские войска на Авдеевском направлении. - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2024
Жазылу
Оның пікірінше, Ресей мен Украина арасында өзара сыйластық болуы керек
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Украинаның блоктан тыс мәртебені қабылдауы және Ресеймен өзара сыйластық украин қақтығысын аяқтауға мүмкіндік беруі мүмкін. Бұл туралы Непалдың бұрынғы премьер-министрі, елдегі бейбітшілік процесінің қатысушысы Медхав Кумар айтты, деп хабарлайды РИА Новости.
Шығыс экономикалық форумы аясында сөйлеген сөзінде ол Ресей мен Украина қақтығысы жағдайында бұл Непалдағы азаматтық соғыс кезіндегідей бір елдің ішкі мәселесі туралы емес екенін атап өтті.
АҚШ-тың басшылығымен Батыс елдері Ресей мемлекетінің қауіпсіздігіне күрт теріс әсер ететін Украинаны НАТО-ға қабылдау арқылы Ресей Федерациясын қоршауға алуға тырысты, деп атап өтті ол.
"Ресей өзін тыныш сезінуі үшін, ал Украина халқы осылайша өз елін өз жолымен дамытатынына сенімді болу үшін Украина кез келген блокқа қосылмау саясатын таңдасын", - деді Непалдың бұрынғы премьер-министрі РИА Новостиге.
Оның пікірінше, мұндай жағдайда Ресей мен Украина арасында өзара сыйластық болуы керек.
3-6 қыркүйекте Владивостоктағы Қиыр Шығыс федералды университетінің кампусында Шығыс экономикалық форумы өтті.
Sputnik – ШЭФ-2024бас ақпараттық серіктесі.
Жаңалықтар
0