Министрлік емханалардағы жалған құжат толтырумен күрес үшін FACE-ID енгізеді

© Sputnik / Ксения ВоронинаСтаршая медсестра отделения профилактики и социально-психологической помощи городской поликлиники №4 в Астане Наталья Пушкина
Старшая медсестра отделения профилактики и социально-психологической помощи городской поликлиники №4 в Астане Наталья Пушкина - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2024
Жазылу
Денсаулық сақтау министрлігі медицина саласына жаңашылдықтар енгізуде
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда емханалардағы жалған құжат толтырумен күрес үшін FACE-ID енгізіледі, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Жалған құжаттармен күрестегі негізгі құрал цифрлық технологиялар болмақ, деп хабарлады ведомство басшысы Ақмарал Әлназарова.
Министрлік Астанадағы бастапқы медициналық-санитарлық көмек бойынша республикалық емхана базасында пилоттық жобаны іске қосты. Жоба аясында науқастар Face-ID және веб-камера көмегімен жеке басының сәйкестігін анықтайтын болады, бұл оларға көрсетілген қызмет туралы деректердің бұрмалануына жол бермеуге септік етеді.
"Осы жылдың соңына дейін біз Астанада пилоттық жобаны іске асырамыз, ал 1 қаңтардан бастап оны бүкіл республика бойынша ауқымын кеңейтіп таратуды жоспарлап отырмыз. Бұл жалған құжат толтыруды түбірімен жоқ қылатын тиімді құрал болады", - деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.
Биометриялық жеке бас сәйкестігін анықтау жүйесі көрсетілген қызметтерді нақты тіркеуді қамтамасыз етеді, бұл науқастардың дәрігерге қаралуы туралы жалған есеп жазуға мүмкіндік бермейді, сәйкесінше бюджет қаржысының да, сақтандырылған азаматтардың жарнасының да мақсатсыз жұмсалуының алдын алады.
Министрдің айтуынша, тексерулер барысында жалған құжаттар толтырумен байланысты 46 мыңға жуық заң бұзушылық анықталған. Соған қарамастан заң бұзушылар көп жағдайда жазасыз қалатын және ұйымдарға салынатын айыппұлдар да мәселені жүйелі түрде шешпеді.
Министр қыркүйекте министрлік осындай заң бұзушылықтар бойынша істері әшкере болған ұйымдарға толық тексеру жүргізуді жоспарлауда. Өрескел заң бұзған жағдайда лицензияны кері қайтарып алып, істі құқыққорғау органдарына беруге дейінгі қатаң шаралар қабылдануы мүмкін.
"Біз бұл мәселені айтарлықтай қатаң түрде, қажет болса лицензияны кері қайтарып алуға дейін жеткізетіндей көтеріп, істі тиісті құқыққорғау органдарына беруге дейін апарамыз, яғни тек айыппұл салумен ғана шектелмейміз", — деп мәлімдеді министр Ақмарал Әлназарова.
Сонымен қатар 2025 жылдан бастап мұндай жеткізушілердің қызмет көрсетуіне рұқсат бермеу туралы мәселе көтерілуде, деді министр.
Медицинское страхование - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2024
Денсаулық сақтау министрлігі қызмет тарифтерінің бағасын көтереді
Жаңалықтар
0