Мектепте астан уланған балалар саны артып жатыр

© Sputnik/Ертай СарбасовПитание в школьных столовых Алматы
Питание в школьных столовых Алматы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2024
Жазылу
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Мектепте тамақтан уланған балалардың саны сағат сайын артуда, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, қазіргі кезде облыстық ауруханада 67 бала ем қабылдап жатыр. Барлығы Мұнайлы ауданындағы 8-ші мектепте жаппай астан уланып, ауруханаға түскен. Екі бала жансақтау бөліміне түсті. Бүгін облыс әкімі де балалардың жағдайын біліп қайтты.
"Ауруханада тиісті ем-дом көрсетілуде. Дәрі-дәрмек пен төсек орындары жеткілікті. Дәл қазір ең бастысы, оқушылардың денсаулығы. Науқастардың тез жазылып кетуіне барлық жағдайды жасауымыз қажет. Кейін осы жағдайға байланысты тиісті шаралар мен шешімдер қабылдайтын боламыз",- дейді Нұрдәулет Қилыбай.
Облыстық әкімдік жанында жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Мұнайлы орталық аудандық ауруханасының шақыруларға қызмет көрсетудің 4 санатты 4 бригадасы және Ақтау қаласының 4 санатты 7 бригадасы жұмылдырылды. Ал психологтар тобы ата-аналар мен балаларға қажетті көмек көрсетуге кірісті.
Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстаудағы мектептердің бірінде балалар жаппай уланып қалғанын хабарланған болатын.
Жаңалықтар
0