Маңғыстауда астан уланған оқушылар саны 100-ден асты: екеуі жансақтау бөлімінде жатыр

© Sputnik / Владислав Воднев Модульная инфекционная больница, построенная в условиях ЧП в связи с пандемией коронавируса в Нур-Султане
 Модульная инфекционная больница, построенная в условиях ЧП в связи с пандемией коронавируса в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2024
Жазылу
Өңірдегі ауруханаға әлі де астан уланған оқушылар келіп түсуде
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстауда астан уланған оқушылар саны 100-ден асты, екеуі жансақтау бөліміне түсті.
Мұнайлы ауданында жүзден астам бала медициналық көмекке жүгінді, олардың 31-і ауруханаға жатқызылды, екеуі реанимацияға орналастырылды, деп хабарлады Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының директоры Гүлжан Ермекбаева. Барлығы – бір мектептің оқушылары.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова осы оқиғаға қатысты пікір білдірді.
Министрдің айтуынша, Мұнайлы ауданына облыстық жедел жәрдем станциясынан 10 негізгі және 2 қосымша бригада және Мұнайлы орталық аудандық ауруханасынан төртінші санатты шақыруларға қызмет көрсететін 5 бригада жіберілді. Онда мектеп оқушылары және білім мекемесінің қызметкерлері уланған.
"Балалардың жағдайы денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында", - деп министр.
Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстаудағы мектептердің бірінде балалар жаппай уланып қалғанын хабарланған болатын.
Капельница - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2024
Маңғыстауда 58 оқушы астан уланды
Жаңалықтар
0