https://sputnik.kz/20240908/astanada-koshpendiler-oyyndarynyn-ashylu-saltanaty-otedi-46853543.html
Астанада көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты өтеді
Астанада көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты өтеді
Sputnik Қазақстан
Ашылу салтанаты "Астана Арена" стадионында болады 08.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-08T14:09+0500
2024-09-08T14:09+0500
2024-09-08T14:09+0500
дүниежүзілік көшпенділер ойыны
https://sputnik.kz/img/07e8/09/08/46845805_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_2b69e8fc3017fd4a0701ba8c3ac483ab.jpg
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Бүгін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты өтеді.Ойындардың салтанатты ашылу рәсімі бүгін 19.00-де "Астана Арена" стадионында болады.Іс-шараға 3 000-ға жуық өнерпаз қатысады.8 қыркүйекте сағат 16:00-де Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты алдында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді.Бағдарламада музыка, би және дәстүрлі өнер арқылы қазақ мәдениетінің сан алуан байлығы көрермен назарына ұсынылады.Көшпенділер ойындарының ресми ашылуы сағат 19.00-де басталады. Салтанатты шарада заманауи сахналық технологиялар мен мультимедиялық дизайн қолданылған, 2 сағаттық ауқымды музыкалық-театрландырылған қойылым көрсетіледі.Ашылу салтанаты дәстүрлі түрде спорт делегацияларының шеруінен басталып, соңында танымал әнші Димаш Құдайбергеннің орындауындағы халықтар достығы мен бірлігі туралы музыкалық композициямен түйінделеді.Көрермендер үшін тікелей эфир ұйымдастырылады.Көшпенділер ойындарын 6 нысанда өткізу жоспарланған. Байрақты доданың салтанатты ашылу рәсімі "Астана Арена" стадионында өтсе, жекпе-жек пен күрес түрлерінен сайыстар "Алау" мен Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ұйымдастырылады. Ал интеллектуал ойындар "Думан" мен "Qazaqstan" жеңіл атлетика спорт кешендерінде өтеді және қалған ат жарысы, садақ ату, құс салу секілді ойындар "Қазанат" ипподромы аумағында ұйымдастырылады.Қатысушылар ат жарысы, ұлттық күрес түрлері, дәстүрлі зияткерлік ойындар, жекпе-жек, садақ ату және халық ойындары сияқты 21 спорт түрінен бақ сынайды. Барлығы 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 13 қыркүйекке дейін жалғасады. Оған 89 елден 2 мыңнан астам спортшы қатысады. Олар спорттың 21 түрі бойынша 97 медаль жиынтығына таласады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/09/08/46845805_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_e2ea150b4de60561c9c7c007c79bc6c7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дүниежүзілік көшпенділер ойыны
дүниежүзілік көшпенділер ойыны
Астанада көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты өтеді
Ашылу салтанаты "Астана Арена" стадионында болады
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Бүгін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты өтеді.
Ойындардың салтанатты ашылу рәсімі бүгін 19.00-де "Астана Арена" стадионында болады.
Іс-шараға 3 000-ға жуық өнерпаз қатысады.
8 қыркүйекте сағат 16:00-де Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты алдында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді.
Бағдарламада музыка, би және дәстүрлі өнер арқылы қазақ мәдениетінің сан алуан байлығы көрермен назарына ұсынылады.
Көшпенділер ойындарының ресми ашылуы сағат 19.00-де басталады. Салтанатты шарада заманауи сахналық технологиялар мен мультимедиялық дизайн қолданылған, 2 сағаттық ауқымды музыкалық-театрландырылған қойылым көрсетіледі.
Ашылу салтанаты дәстүрлі түрде спорт делегацияларының шеруінен басталып, соңында танымал әнші Димаш Құдайбергеннің орындауындағы халықтар достығы мен бірлігі туралы музыкалық композициямен түйінделеді.
Көрермендер үшін тікелей эфир ұйымдастырылады.
Көшпенділер ойындарын 6 нысанда өткізу жоспарланған. Байрақты доданың салтанатты ашылу рәсімі "Астана Арена" стадионында өтсе, жекпе-жек пен күрес түрлерінен сайыстар "Алау" мен Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ұйымдастырылады. Ал интеллектуал ойындар "Думан" мен "Qazaqstan" жеңіл атлетика спорт кешендерінде өтеді және қалған ат жарысы, садақ ату, құс салу секілді ойындар "Қазанат" ипподромы аумағында ұйымдастырылады.
Қатысушылар ат жарысы, ұлттық күрес түрлері, дәстүрлі зияткерлік ойындар, жекпе-жек, садақ ату және халық ойындары сияқты 21 спорт түрінен бақ сынайды. Барлығы 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 13 қыркүйекке дейін жалғасады. Оған 89 елден 2 мыңнан астам спортшы қатысады. Олар спорттың 21 түрі бойынша 97 медаль жиынтығына таласады.