Астанада бес этноауыл ашылды

© Sputnik / Санат Имангалиев СанатАстанада этноауыл ашылды
Астанада этноауыл ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2024
Жазылу
Әрбір этноауылда киіз үйлер орнатылып, қолөнершілер жасаған ұлттық кәдесыйлар сатылып жатыр
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Астананың бірнеше ауданында этноауыл ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қала әкімдігіне сілтеме жасап.
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында бес этноауыл ашылып отыр. Ең үлкен қазақ ауылы "Қазанат" ипподромы жанында орналасқан. Ал "Қазақ елі" монументі, "Ататүрік" паркі, "Бәйтерек" монументі және Орталық саябақ аумағында тағы төрт этноауыл ашылды.
Әрбір этноауылда киіз үйлер орнатылып, қолөнершілер жасаған ұлттық кәдесыйлар сатылып жатыр. Шатырларда ұлттық тағамдар (ірімшік, жент, тары, талқан, құрт және т.б.) және сусындар (қымыз, шұбат) бар. Сонымен қатар кұн сайын концерттік бағдарламалар мен спорттық іс-шаралар өтеді.
Сондай-ақ фотоаймақтар жұмыс істейді, әрі Қазақстанның көшпелі мұрасына арналған картиналар сатылымы ұйымдастырылды.
Этноауылдардың жұмыс уақыты:
"Бәйтерек" монументі (11.00-23.00);
"Қазақ елі" монументі (10.00-23.00);
"Ататүрік"саябағы (15.00-20.00);
Орталық саябақ (12.00-20.00).
Этноауылдарда әр кеш сайын сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт тамашалауға болады.
Жаңалықтар
0