Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты басталды

© Photo : World Nomad Games 2024Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты басталды
Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты басталды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2024
Жазылу
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары әлемнің 89 елінен 2500-ден астам қатысушы келді
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. "Астана-Арена" стадионында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ресми түрде ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Салтанатты шараға бірнеше елдің басшысы келді. Олардың ішінде Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Өзбекстан басшысы Шафкат Мирзиеев, Татарстан раисы Рустам Миниханов, Саха Республикасының басшысы Айсен Николаев бар. Сондай-ақ Түрікменстанның халық мәслихатының төрағасы Ғұрбанғұлы Бердімұхамедов пен Моңғолияның үшінші президенті Намбарын Энхбаяр қатысып отыр.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, екі сағаттық ауқымды музыкалық-театрландырылған қойылым кезінде заманауи сахналық технологиялар мен мультимедиялық дизайн қолданылады. Ашылу салтанаты дәстүрлі түрде спорт делегацияларының шеруінен басталып, соңында танымал әнші Димаш Құдайбергеннің орындауындағы халықтар достығы мен бірлігі туралы музыкалық композициямен түйінделеді.
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары әлемнің 89 елінен 2500-ден астам қатысушы келді. Олар ат жарысы, ұлттық күрес түрлері, дәстүрлі зияткерлік ойындар, жекпе-жек, садақ ату және халық ойындары сияқты 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы үшін таласады.
Астанадағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйек аралығында өтеді. Байрақты доданың салтанатты ашылу рәсімі "Астана Арена" стадионында өтсе, жекпе-жек пен күрес түрлерінен сайыстар басқа нысандарда өтеді. Олар:
"Алау" спорт сарайы;
Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы;
"Думан" қонақ үйі;
"Qazaqstan" жеңіл атлетика спорт кешені;
"Қазанат" ипподромы.
Жаңалықтар
0