Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Рамасвами ресейлік БАҚ-қа тағылған айыптарға сенбейтінін айтты

© РИА НовостиВивек Рамасвами
Вивек Рамасвами - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2024
Жазылу
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. АҚШ президенттігіне бұрынғы үміткер Вивек Рамасвами америкалық биліктің ресейлік БАҚ-қа тағып отырған айыптарына сенбейтінін айтты.
"Шындығында, мен олардың (АҚШ билігі – ред.) сатқысы келетінін сатып алмаймын", - деді Рамасвами американдық журналист Такер Карлсонмен сұхбатында X әлеуметтік желісінде жарияланған бейнежазбада.
Рамасвами осыған ұқсас айыптаулар өткен сайлау кезеңдерінде де айтылып, бірақ расталмағанына назар аударды.
4 қыркүйекте АҚШ Қаржы министрлігі "Россия сегодня" медиа тобы мен RT телеарнасының бас редакторы Маргарита Симонянға, сондай-ақ оның орынбасарлары Антон Анисимов пен Елизавета Бродскаяға қарсы санкциялар салғанын хабарлады. Олардан бөлек RT news хабар тарату бөлімінің басшысы Андрей Кияшко, цифрлық медиа жобалар бөлімінің басшысы Константин Калашников және телеарнаның басқа да бірқатар қызметкерлері қара тізімге іліккен.
АҚШ Мемлекеттік департаменті "Россия сегодня" медиа тобы мен оның еншілес ұйымдарының мәртебесін "шетелдік миссиялар" деп анықтап, олардың жұмыс жағдайын қатайтты. Шетелдік миссия туралы заң талабына сәйкес, олар АҚШ қызметкерлері мен мүлкі туралы агенттікке хабарлауы керек.
Жаңалықтар
0