Павлодар облысында 14 млрд теңгеге сүт өндіретін ферма салынып жатыр

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаПрезидент посетил ферму "Қызылжар-сүт"
Президент посетил ферму Қызылжар-сүт - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2024
Жазылу
Ферма 1892 бас малға арналған
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. "Кронос-Павлодар" компаниясы 2023 жылы аймақтағы ең ірі сүт фермаларының бірі болатын сүт өндіретін ферманы салуды бастады. Ферма 1892 бас малға арналған, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.
Жобаның құны 14 миллиард теңгені құрайды. Қазіргі уақытта бұзау ұстау және сауу залының құрылысы аяқталды.
"Даниядан 570 бас голштин-фриз тұқымды сиыр әкелдік. Олардың 250-і бұзаулады. Қалғандарының бұзаулауы қыркүйек айында күтілуде. Қараша айында тағы 700 бас мал әкелеміз. Бірінші ұрпақта олардың өнімділігі бір бастан шамамен 30 литр сүт құрайды. Бұл көрсеткішті арттыру үшін жұмыс жасаймыз. Жоба толық іске асырылғаннан кейін тәулігіне 50-55 тонна сүт алуды жоспарлап отырмыз", - деді "Кронос-Павлодар" ЖШС-нің сүт фермасының басқарушысы Алексей Макаров.
Кәсіпорын 2 мың гектар жерде судан шөбін, жоңышқаны және басқа да жемшөп дақылдарын өсіріп, өзін-өзі жеммен қамтамасыз етеді.
Жалпы алғанда, облыста 36 сүт фермасы бар. Оның 16-сы ірі және 18 695 бас сиырға арналған. Бір басқа орташа сүт өнімділігі 6 235 кг құрайды.
Ірі сүт фермалары шетелдік өндірушілердің заманауи технологиялық жабдықтарын пайдаланады, бұл өнім өндірісінің көптеген процестерін автоматтандыруға мүмкіндік береді. Үш ауыл шаруашылығы кәсіпорны сүт өндірісінің көлемі бойынша үздік ондыққа кіреді.
Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін кеңейту аясында облысқа 6 сүт фермасын салу және кеңейтуге 10 миллиард теңге бөлінді. Оның ішінде "Agro Trade PV", "Галицкое", "Уштерек және К" ЖШС-лері мен "Пахарь" шаруа қожалығының төртеуі жұмыс істейді.
Бұл жобаларды іске асыру сүт өндірісінің көлемін 37,4 мың тоннаға, ал тұқымдық мал басын 4,7 мың басқа арттыруға мүмкіндік береді.
Жаңалықтар
0