https://sputnik.kz/20240906/zholdarda-kolik-zhyldamdygy-zhana-adispen-tirkeledi-46827591.html
Жолдарда көлік жылдамдығы жаңа әдіспен тіркеледі
Жолдарда көлік жылдамдығы жаңа әдіспен тіркеледі
Sputnik Қазақстан
Еліміздің барлық аймағында автомобиль жолдарында жаңа автоматтандырылған өлшеу станциялары орнатылады, олар тіпті осьтік жүктемені де көреді 06.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-06T13:52+0500
2024-09-06T13:52+0500
2024-09-06T13:52+0500
жылдамдықты асыру
автокөлік
https://sputnik.kz/img/1069/13/10691392_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_c9080a052fd9fd8425124b08eea89f2d.jpg
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның барлық аймағында жаңа заманауи автоматтандырылған өлшеу станциялары - АӨС орнатылады, деп хабарлады еліміздің Жоғарғы аудиторлық палатасының ақпараттық ресурсы.Олар әртүрлі санаттағы автомобиль жолдарындағы қауіпсіздікті жақсарту үшін орнатылады.Еліміздің Жоғарғы аудиторлық палатасының тапсырмасы бойынша қолданыстағы АӨС-ға талдау жүргізілді.Бұған дейін Жоғарғы аудиторлық палатасы 2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың тиімділігіне және көлік инфрақұрылымын дамытуға арналған бюджеттік инвестициялық жобаларға бөлінген қаражаттың игерілуіне аудит жүргізді.Оның қорытындысы бойынша Көлік министрлігіне нарықта бар автоматтандырылған өлшеу станцияларына талдау жасап, оларды пайдалану мәселесін пысықтау тапсырылды.Бүгінде жалпы қолданыстағы жолдарда Kistler (Швейцария), UNDS (Оңтүстік Корея) және Тензо-M (Ресей) автоматтандырылған өлшеу станциялары орнатылған.Астананың кіреберіс жолдарында тензөлшегіштері бар Intercomp (АҚШ) компаниясы шығарған 7 заманауи АӨС бар.Сондай-ақ талдау негізінде АӨС-ті одан әрі республиканың басқа аймақтарында орнату жоспарланып отырғаны хабарланды.Мәселен, Көлік министрлігі әкімдіктермен және "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-мен бірлесіп қосымша 220 АӨС орнату үшін жеке инвесторларды тарту мәселесін пысықтауда: халықаралық және республикалық маңызы бар жолдарда 70, облыстық, аудандық және қала көшелерінде 150 АӨС орналастырылады.АӨС – фото және видеоға түсіретін, көліктің түрін, маркасын, мемлекеттік тіркеу белгісін, салмағы мен габариттік параметрлерін, сондай-ақ оське түсетін жүктеме мен жылдамдықты тіркейтін арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1069/13/10691392_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_4812815d7800d57c003a189eada40d9f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жылдамдықты асыру, автокөлік
жылдамдықты асыру, автокөлік
Жолдарда көлік жылдамдығы жаңа әдіспен тіркеледі
Еліміздің барлық аймағында автомобиль жолдарында жаңа автоматтандырылған өлшеу станциялары орнатылады, олар тіпті осьтік жүктемені де көреді
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның барлық аймағында жаңа заманауи автоматтандырылған өлшеу станциялары - АӨС орнатылады, деп хабарлады еліміздің Жоғарғы аудиторлық палатасының ақпараттық ресурсы.
Олар әртүрлі санаттағы автомобиль жолдарындағы қауіпсіздікті жақсарту үшін орнатылады.
Еліміздің Жоғарғы аудиторлық палатасының тапсырмасы бойынша қолданыстағы АӨС-ға талдау жүргізілді.
Бұған дейін Жоғарғы аудиторлық палатасы 2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың тиімділігіне және көлік инфрақұрылымын дамытуға арналған бюджеттік инвестициялық жобаларға бөлінген қаражаттың игерілуіне аудит жүргізді.
Оның қорытындысы бойынша Көлік министрлігіне нарықта бар автоматтандырылған өлшеу станцияларына талдау жасап, оларды пайдалану мәселесін пысықтау тапсырылды.
Бүгінде жалпы қолданыстағы жолдарда Kistler (Швейцария), UNDS (Оңтүстік Корея) және Тензо-M (Ресей) автоматтандырылған өлшеу станциялары орнатылған.
Астананың кіреберіс жолдарында тензөлшегіштері бар Intercomp (АҚШ) компаниясы шығарған 7 заманауи АӨС бар.
Сондай-ақ талдау негізінде АӨС-ті одан әрі республиканың басқа аймақтарында орнату жоспарланып отырғаны хабарланды.
Мәселен, Көлік министрлігі әкімдіктермен және "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-мен бірлесіп қосымша 220 АӨС орнату үшін жеке инвесторларды тарту мәселесін пысықтауда: халықаралық және республикалық маңызы бар жолдарда 70, облыстық, аудандық және қала көшелерінде 150 АӨС орналастырылады.
АӨС – фото және видеоға түсіретін, көліктің түрін, маркасын, мемлекеттік тіркеу белгісін, салмағы мен габариттік параметрлерін, сондай-ақ оське түсетін жүктеме мен жылдамдықты тіркейтін арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралы.