https://sputnik.kz/20240906/shymkentte-sayttar-arqyly-adamdardy-aldagan-alayaq-ustaldy-46830793.html
Шымкентте сайттар арқылы адамдарды алдаған алаяқ ұсталды
Шымкентте сайттар арқылы адамдарды алдаған алаяқ ұсталды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 6 тамыз – Sputnik. ІІМ криминалистері Шымкентте “дропперлерді” әшкереледі, деп хабарлайды Polisia.kz. 06.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-06T15:37+0500
2024-09-06T15:37+0500
2024-09-06T15:42+0500
полиция
алаяқтық
шымкент
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:125:1201:800_1920x0_80_0_0_4e603bb753a4668d5fe23d1c8b5be3d8.jpg
АЛМАТЫ, 6 тамыз – Sputnik. ІІМ криминалистері Шымкентте “дропперлерді” әшкереледі, деп хабарлайды Polisia.kz.Шымкенттік тұрғындар интернет-алаяқтардың құрығына түсіп қалды. Негізгі күдікті алаяқтық жолмен түскен қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған “дропперлермен” бірге әрекет еткен.ІІМ криминалистері заманауи цифрлық технологияларды қолданып, “дропперлерді” анықтап, негізгі күдіктіге шықты. Ұрланған қаражаттың барлығы зардап шеккендерге қайтарылды. Қылмыстық іс қозғалды."Сайттар мен ұйымдарды тексеріп алыңыздар. Кез келген күдікті әрекет туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлаңыздар. Қырағылық пен сақтық — кибералаяқтықтан қорғанудың ең тиімді тәсілі", – дейді полиция.
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_6126eb18119694686f95d89e748fc25a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, алаяқтық, шымкент
полиция, алаяқтық, шымкент
Шымкентте сайттар арқылы адамдарды алдаған алаяқ ұсталды
15:37 06.09.2024 (жаңартылды: 15:42 06.09.2024) АЛМАТЫ, 6 тамыз – Sputnik. ІІМ криминалистері Шымкентте “дропперлерді” әшкереледі, деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкенттік тұрғындар интернет-алаяқтардың құрығына түсіп қалды. Негізгі күдікті алаяқтық жолмен түскен қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған “дропперлермен” бірге әрекет еткен.
"Жәбірленушілердің біріне алаяқтар әйгілі банктің акционері боласың деп алдаған. Әйел көрсетілген шотқа 500 мың теңге аударып, ақшасынан айырылған. Екінші жағдайда алаяқтар Instagram-да қымбат телефонды өте төмен бағамен сату туралы хабарландыру жариялаған. Бұған сенген тұрғын оларға 683 мың теңге аударған. Бірақ уәде етілген гаджет жеткізілмеген", - дейді ведомство.
ІІМ криминалистері заманауи цифрлық технологияларды қолданып, “дропперлерді” анықтап, негізгі күдіктіге шықты. Ұрланған қаражаттың барлығы зардап шеккендерге қайтарылды. Қылмыстық іс қозғалды.
"Сайттар мен ұйымдарды тексеріп алыңыздар. Кез келген күдікті әрекет туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлаңыздар. Қырағылық пен сақтық — кибералаяқтықтан қорғанудың ең тиімді тәсілі", – дейді полиция.