https://sputnik.kz/20240906/pavlodar-oblysynda-4-adam-kariz-qudygyndagy-iiske-ulanyp-qaldy-46833041.html
Павлодар облысында 4 адам кәріз құдығындағы иіске уланып қалды
Павлодар облысында 4 адам кәріз құдығындағы иіске уланып қалды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 6 тамыз - Sputnik. Павлодар облысында Шарбақты ауылында төрт адам кәріз құдығының иісіне уланып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 06.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-06T17:59+0500
2024-09-06T17:59+0500
2024-09-06T17:59+0500
павлодар облысы
кәріз құдығы
https://sputnik.kz/img/07e4/09/10/14978269_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_f62f6efd6e0963d02f44af076396eb1e.jpg
АЛМАТЫ, 6 тамыз - Sputnik. Павлодар облысында Шарбақты ауылында төрт адам кәріз құдығының иісіне уланып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оқиға 5 қыркүйекте сағат 17-00-де шамасында болған.Жедел жәрдем қызметіне 4 адамға көмек сұрап хабарлама түскен."Науқастар "Шарбақты аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК қабылдау бөлімшесіне жеткізілді. Медициналық санитарлық авиация бригадалары 1956 және 1982 жылы туған пациенттерді "Павлодар қаласының №3 қалалық ауруханасы"ШЖҚ КМК-не тасымалдады. 06 қыркүйек күні таңертең 1956 жылы туылған науқастың жағдайы орташа ауырлықта тұрақты. Токсикология бөліміне жатқызылды", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.Ал 1982 жылы туылған науқастың жағдайы ауыр дейді ведомство."Науқастың санасы айқын, есін біледі, жансақтау бөлімінде жатыр. Сондай-ақ 1992 жылы туған пациент "Шарбақты аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК санитарлық көлігімен "Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасы"ШЖҚ КМК жеткізілді", - дейді облыстық денсауолық сақтау басқармасы.1975 жылы туған науқас Шарбақты аудандық ауруханасында жатыр.
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/10/14978269_168:0:2899:2048_1920x0_80_0_0_97344dd9dd985da562e789b4857dd76d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар облысы, кәріз құдығы
павлодар облысы, кәріз құдығы
АЛМАТЫ, 6 тамыз - Sputnik. Павлодар облысында Шарбақты ауылында төрт адам кәріз құдығының иісіне уланып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқиға 5 қыркүйекте сағат 17-00-де шамасында болған.
"Шарбақты ауылында Чкалов көшесінің бойында тереңдігі 5-7 метрге жететін кәріз құдығынан ТЖД қызметкерлерінің күшімен "Қайнар" МКК-нің 3 қызметкері шығарылып, ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендер болжам бойынша метанмен уланып, есінен танып қалған", - деп хабарлайды облыстық төтенше жағдай департаменті.
Жедел жәрдем қызметіне 4 адамға көмек сұрап хабарлама түскен.
"Науқастар "Шарбақты аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК қабылдау бөлімшесіне жеткізілді. Медициналық санитарлық авиация бригадалары 1956 және 1982 жылы туған пациенттерді "Павлодар қаласының №3 қалалық ауруханасы"ШЖҚ КМК-не тасымалдады. 06 қыркүйек күні таңертең 1956 жылы туылған науқастың жағдайы орташа ауырлықта тұрақты. Токсикология бөліміне жатқызылды", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Ал 1982 жылы туылған науқастың жағдайы ауыр дейді ведомство.
"Науқастың санасы айқын, есін біледі, жансақтау бөлімінде жатыр. Сондай-ақ 1992 жылы туған пациент "Шарбақты аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК санитарлық көлігімен "Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасы"ШЖҚ КМК жеткізілді", - дейді облыстық денсауолық сақтау басқармасы.
1975 жылы туған науқас Шарбақты аудандық ауруханасында жатыр.