Майқайың кенішінде қаза тапқан құтқарушының туыстары 120 млн теңге өндірді

© Photo : Valeriy BUGAYEVНе прекращаются поисковые работы на месте обвала в районе горного отвода АО "Майкаинзолото".
Не прекращаются поисковые работы на месте обвала в районе горного отвода АО Майкаинзолото. - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2024
Жазылу
Сот жазатайым оқиғаға жұмыс беруші 100% кінәлі екенін негізге ала отырып, құтқарушының туыстарының талабын толық көлемде қанағаттандырды
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Майқайың кенішінде автобус апатынан қаза тапқан құтқарушының отбасы кәсіпорыннан 120 миллион теңге өндіріп алды, деп хабарлады Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі.
Құтқарушы Т.-ның анасы, қызы, ұлы және әпкесі оның қызметтік міндетін атқару кезінде қайтыс болуына байланысты моральдық зиянды өтеуді талап етіп сотқа арызданды.
"Сот жазатайым оқиғаға жұмыс беруші 100% кінәлі екенін негізге ала отырып, қайтыс болған құтқарушының туыстарының талабын толық көлемде қанағаттандырып, әрбір туысының пайдасына 30 000 000 теңгеден, жалпы сомасы 120 миллион теңге моральдық зиянды өндірді", - деп жазылған хабарламада.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетейік, 2024 жылдың 4 қаңтарында "Майкаинзолото" АҚ аумағында үш құтқарушы мен жүргізуші мінген автобус шұңқырға құлап кетті. Қаза тапқандар – "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы" ЖШС-нің қызметкерлері.
Cпасатели дошли до автомобиля, провалившегося в шахту Майкаинзолото, на поверхности виднеются бампер и колесо - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2024
Майқайыңдағы апат: кенішке құлаған автобус табылды
Жаңалықтар
0