https://sputnik.kz/20240906/biz-korshiles-elderden-elektr-energiyasyn-satyp-aluga-mazhburmiz--bektenov-46827304.html
Біз көршілес елдерден электр энергиясын сатып алуға мәжбүрміз – Бектенов
Біз көршілес елдерден электр энергиясын сатып алуға мәжбүрміз – Бектенов
Sputnik Қазақстан
Үкімет басшысы тозығы жеткен желілерді қалпына келтіріп қана қоймай, тұрақты энергетика жүйесін құру керек деп есептейді 06.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-06T12:50+0500
2024-09-06T12:50+0500
2024-09-06T12:50+0500
электр энергиясы
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e8/09/06/46826091_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_6a5ebd4dd42c1e5bafa7fc7a72b68d99.jpg
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов Ақмола облысына жұмыс сапары аясында коммуналдық инфрақұрылым нысандарының жылу беру маусымына дайындығын тексерді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Үкімет басшысы Степногорск ЖЭО-ның бүгінгі жағдайымен танысты. 1966 жылы пайдалануға берілген нысан бүгінде қаланың тұрғын үй секторы мен кәсіпорындарын, сондай-ақ Заводской кентін жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етеді.Премьер-министрге Ақмола облысының коммуналдық инфрақұрылымының жылыту кезеңіне дайындығы туралы баяндалды. Бүгінгі таңда қазандықтардың дайындығы 99%-ды құрайды, білім беру нысандары, медициналық мекемелер, тұрғын үйлер тексерілді.Барлық әлеуметтік инфрақұрылым жылыту маусымына толығымен дайын. ЖЭО-да күзгі-қысқы маусымға қажетті отын қорын дайындау кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.Биыл Степногорск қаласының жылу желілерін жөндеуге үкімет резервінен 2,7 млрд теңге бөлінді. Ұзындығы 11,3 шақырым учаскеде құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар Степногорск энергетика кешенінің меншік иесі инфрақұрылым мен коммуникация нысандарын жаңғыртуға 7,9 млрд теңге бөлді. 4 турбинаны жөндеу жұмыстары аяқталды, қазандықтарды реконструкциялау жалғасуда, жоспарланған 2,6 км жылу желілерінің 1,6 шақырымына монтаждау жұмыстары жүргізілді.Жүргізіліп жатқан жұмыстар ЖЭО жабдықтарының тозуын 65,6%-дан 61,9%-ға дейін, магистралды желілердің тозуын қазіргі 80,7%-дан 70%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Алайда, әлі де бірқатар түйткілді мәселелер бар, деп атап өтті энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.Қазақстанда жұмыс істеп тұрған стансалардың тозу деңгейі жоғары – 70%-ға дейін жетеді. Елімізде электр энергиясын тұтыну жыл сайын 3%-ға өсуде. Энергетика министрлігінің болжамына сәйкес, 2035 жылға қарай Қазақстанда электр энергиясын тұтыну сағатына 152,4 млрд кВт жетеді деп күтілуде. Бұл ретте, қолданыстағы электр стансалары сағатына тек 135 млрд кВт қамтамасыз ете алады.Премьер-министр инфрақұрылымды айтарлықтай жаңғырту қажеттігін атап өтті."Бізде жалпы ел бойынша электр энергиясын тұтыну шамамен 17 ГВт құрайды, ал біз тек 16 ГВт өндіреміз. Яғни, біз энергия тапшылығы бар елміз, көршілес елдерден электр энергиясын сатып алуға мәжбүрміз. Тозығы жеткен желілерді қалпына келтіріп қана қоймай, тұрақты энергетика жүйесін құруымыз керек", — деп атап өтті Олжас Бектенов.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/09/06/46826091_87:0:1224:853_1920x0_80_0_0_6772ced03be53cdcdbb3aacd43f5bd47.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
электр энергиясы, қазақстан
электр энергиясы, қазақстан
Біз көршілес елдерден электр энергиясын сатып алуға мәжбүрміз – Бектенов
Үкімет басшысы тозығы жеткен желілерді қалпына келтіріп қана қоймай, тұрақты энергетика жүйесін құру керек деп есептейді
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов Ақмола облысына жұмыс сапары аясында коммуналдық инфрақұрылым нысандарының жылу беру маусымына дайындығын тексерді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Үкімет басшысы Степногорск ЖЭО-ның бүгінгі жағдайымен танысты. 1966 жылы пайдалануға берілген нысан бүгінде қаланың тұрғын үй секторы мен кәсіпорындарын, сондай-ақ Заводской кентін жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етеді.
Премьер-министрге Ақмола облысының коммуналдық инфрақұрылымының жылыту кезеңіне дайындығы туралы баяндалды. Бүгінгі таңда қазандықтардың дайындығы 99%-ды құрайды, білім беру нысандары, медициналық мекемелер, тұрғын үйлер тексерілді.
Барлық әлеуметтік инфрақұрылым жылыту маусымына толығымен дайын. ЖЭО-да күзгі-қысқы маусымға қажетті отын қорын дайындау кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.
Биыл Степногорск қаласының жылу желілерін жөндеуге үкімет резервінен 2,7 млрд теңге бөлінді. Ұзындығы 11,3 шақырым учаскеде құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар Степногорск энергетика кешенінің меншік иесі инфрақұрылым мен коммуникация нысандарын жаңғыртуға 7,9 млрд теңге бөлді. 4 турбинаны жөндеу жұмыстары аяқталды, қазандықтарды реконструкциялау жалғасуда, жоспарланған 2,6 км жылу желілерінің 1,6 шақырымына монтаждау жұмыстары жүргізілді.
Жүргізіліп жатқан жұмыстар ЖЭО жабдықтарының тозуын 65,6%-дан 61,9%-ға дейін, магистралды желілердің тозуын қазіргі 80,7%-дан 70%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Алайда, әлі де бірқатар түйткілді мәселелер бар, деп атап өтті энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.
"Энергия көздерін жаңартуға қаражат салу мен қолға алынған шаралар тозуды біртіндеп азайтады. Дегенмен тұтыну көлемінің артуын ескерек, іркіліс болу қаупі әлі де бар. Тұрақты сапалы энергиямен және жылумен қамтамасыз ету үшін баламалы көздер құру қажет. Халық қажеттілігін өтеу және жаңа кәсіпорындарды іске қосуды қамтамасыз ету мақсатында атом энергетикасын дамыту тиімді шешім болмақ", — деп баяндады Алмасадам Сәтқалиев.
Қазақстанда жұмыс істеп тұрған стансалардың тозу деңгейі жоғары – 70%-ға дейін жетеді. Елімізде электр энергиясын тұтыну жыл сайын 3%-ға өсуде. Энергетика министрлігінің болжамына сәйкес, 2035 жылға қарай Қазақстанда электр энергиясын тұтыну сағатына 152,4 млрд кВт жетеді деп күтілуде. Бұл ретте, қолданыстағы электр стансалары сағатына тек 135 млрд кВт қамтамасыз ете алады.
Премьер-министр инфрақұрылымды айтарлықтай жаңғырту қажеттігін атап өтті.
"Бізде жалпы ел бойынша электр энергиясын тұтыну шамамен 17 ГВт құрайды, ал біз тек 16 ГВт өндіреміз. Яғни, біз энергия тапшылығы бар елміз, көршілес елдерден электр энергиясын сатып алуға мәжбүрміз. Тозығы жеткен желілерді қалпына келтіріп қана қоймай, тұрақты энергетика жүйесін құруымыз керек", — деп атап өтті Олжас Бектенов.