https://sputnik.kz/20240906/astanada-zhastarga-arnalgan-zhana-zamandas-kovorking-kluby-ashyldy-46825558.html
Астанада жастарға арналған жаңа "Замандас" коворкинг клубы ашылды
Астанада жастарға арналған жаңа "Замандас" коворкинг клубы ашылды
Sputnik Қазақстан
Жастар коворкингі – 14 пен 35 жас аралығындағы жастар үшін заманауи және жайлы тегін жұмыс кеңістігі 06.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-06T11:21+0500
2024-09-06T11:21+0500
2024-09-06T11:21+0500
астана
жастар саясаты
https://sputnik.kz/img/07e8/09/06/46825142_0:0:1080:608_1920x0_80_0_0_1abc6c45bfd73e80040d04181c255b48.jpg
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Астанада оқу жылының басында жастар коворкингінде "Замандас" клубының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.Жаңа клубтың мақсаты – халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды, жасөспірімдер мен жастарды табысты әлеуметтендіру үшін жағдай жасау, қабілеттерін дамыту және шығармашылық әлеуетін, көшбасшылық қасиеттерін іске асыру.Коворкинг-орталықта ұйымдастырушылық, ресурстық, ақпараттық және білім беру қолдауы көрсетіледі."Бүгінгі таңда коворкингте психологиялық тренингтер, кинотренингтер, мотивациялық сабақтар және коучинг-тренингтер өткізіледі. Сонымен қатар жалпы даму үшін қатысушылар шешендік өнермен айналысып, сөйлесу клубтарына қатыса алады. 15 жастан 21 жасқа дейінгі жасөспірімдер үшін психологтардың арнайы кеңестері өткізіледі. Біздің орталық жаңа достар табуға және қызықты бірлескен іс-шаралар құруға мүмкіндік береді", – деді психолог Зарина Кенжекар.Бұдан басқа, болашақта қаржылық сауаттылық бойынша курстарды екі тілде, тілдік курстарды, көшбасшылық дағдыларды дамыту бойынша тренингтерді, сондай-ақ өзін-өзі тану және жеке қасиеттерін дамыту үшін көбірек іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.Клубтың ашылуы аясында қатысушыларға тренинг өткізіліп, концерттік бағдарлама қойылды.Айта кетейік, елордада 4 жастар коворкинг-орталығы жұмыс істейді. Сондай-ақ, келер жылы осындай тағы 7 нысан ашу жоспарланып отыр.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/09/06/46825142_75:0:1035:720_1920x0_80_0_0_caeaba03887ff1b30bcb8cc047127842.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, жастар саясаты
Астанада жастарға арналған жаңа "Замандас" коворкинг клубы ашылды
Жастар коворкингі – 14 пен 35 жас аралығындағы жастар үшін заманауи және жайлы тегін жұмыс кеңістігі
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Астанада оқу жылының басында жастар коворкингінде "Замандас" клубының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Жаңа клубтың мақсаты – халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды, жасөспірімдер мен жастарды табысты әлеуметтендіру үшін жағдай жасау, қабілеттерін дамыту және шығармашылық әлеуетін, көшбасшылық қасиеттерін іске асыру.
"Бүгін бізде жастар мен жасөспірімдерге арналған коворкинг-орталықтың ашылуы өтіп жатыр. Жас ұрпақтың уақытты қалай өткізетініне назар аудару өте маңызды. Жасөспірімдердің өз кеңістігі жоқ, олар енді осында келіп, араласып, уақыт өткізіп, қолдау таба алады. Жастарға маңызды және дұрыс ақпаратты ұсынып, көмектесу керек. Мұндай жағдайларда жасөспірімдер пікірлес адамдарды тауып, бірге уақыт өткізетін тренингтер мен коворкинг-орталықтар қажет", – деді "Замандас21" ҚҚ директоры Ләззат Алшынова.
Коворкинг-орталықта ұйымдастырушылық, ресурстық, ақпараттық және білім беру қолдауы көрсетіледі.
"Бүгінгі таңда коворкингте психологиялық тренингтер, кинотренингтер, мотивациялық сабақтар және коучинг-тренингтер өткізіледі. Сонымен қатар жалпы даму үшін қатысушылар шешендік өнермен айналысып, сөйлесу клубтарына қатыса алады. 15 жастан 21 жасқа дейінгі жасөспірімдер үшін психологтардың арнайы кеңестері өткізіледі. Біздің орталық жаңа достар табуға және қызықты бірлескен іс-шаралар құруға мүмкіндік береді", – деді психолог Зарина Кенжекар.
Бұдан басқа, болашақта қаржылық сауаттылық бойынша курстарды екі тілде, тілдік курстарды, көшбасшылық дағдыларды дамыту бойынша тренингтерді, сондай-ақ өзін-өзі тану және жеке қасиеттерін дамыту үшін көбірек іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.
Клубтың ашылуы аясында қатысушыларға тренинг өткізіліп, концерттік бағдарлама қойылды.
Айта кетейік, елордада 4 жастар коворкинг-орталығы жұмыс істейді. Сондай-ақ, келер жылы осындай тағы 7 нысан ашу жоспарланып отыр.