Владимир Путин ШЭФ - 2024 пленарлық отырысына қатысады

Жазылу
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин ШЭФ-2024 пленарлық отырысына қатысуда.
“Біз Қиыр Шығысты дамытуды бүкіл ХХІ ғасырдағы ұлттық басымдық ретінде анықтадық. Бұл шешімнің маңыздылығы мен дұрыстығын өмірдің өзі, соңғы кездегі біз тап болған сынақтар және әлемдік экономикада негізгі іскерлік байланыстар, сауда-саттық және тұтастай алғанда бүкіл даму векторы Шығыс пен Жаһандық Оңтүстікке көбірек бағытталып жатқаны көрсетіп тұр””, - деді Владимир Путин.
Соңғы үш ШЭФ-те құны 10,5 триллион рубльден асатын мыңнан астам келісімге қол қойылды, деді Путин. Оның айтуынша, Шығыс экономикалық форумы Ресейдің және бүкіл Азия-Тынық мұхиты аймағының даму стратегиясын талқылайтын алаңға айналды.
“Бүкіл елдің болашағы көп жағдайда Қиыр Шығыстың қалай дамитынына байланысты”, - деді Ресей президенті.
Қиыр Шығысты электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселесіне де тоқталды.
“Мен Үкіметке біздің ірі энергетикалық компаниялармен және іскер топтармен бірлесіп Қиыр Шығыстағы энергетикалық қуаттарды дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасын дайындауды, оны жобаларды қаржыландыру тетіктерін қарастыруды тапсырдым”, - деді Владимир Путин.
Ресей басшысы Санкт-Петербургтен Владивостокқа дейінгі автокөлік дәлізін дамыту мәселесі туралы да айтты.
“Өткен желтоқсанда Мәскеу мен Қазан арасында заманауи тас жол ашылды. Осы жылдың аяғында Екатеринбургке, одан әрі Түменге жетуі керек. Сондай-ақ Омбы, Новосібір, Кемерово, Канск қалаларын айналып өтетін жолдар салынады. Болашақта заманауи жол Владивостокқа жеткенде, Ресей мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріне жақындауды қоса есептегенде, автокөлік дәлізінің жалпы ұзындығы 10 мың шақырымнан асады”, - деді Владимир Путин.
Жер қойнауын пайдалану аймақтың негізгі саласы болып табылады, деді Путин.
“Бағалау бойынша, геологиялық барлауға салынған мемлекет қаражатының әрбір рубльі кем дегенде 10 рубль жеке инвестиция тартады. Бірақ ең бастысы, салынған қаражат міндетті түрде өтеледі, қайтарым береді, бүкіл өндіріс тізбегі бойынша кешенді әсер береді. Бірақ біз инвестициялық жоспарлау келешегін түсіне отырып, бұл жұмысты дер кезінде атқаруымыз керек”, - деді ресейлік президент.
“Біз Қиыр Шығыстағы озық, креативті индустрияларды, үлкен деректер экономикасының инфрақұрылымын, жасанды интеллектті дамытуға, соның ішінде азаматтық мақсатта ұшқышсыз ұшатын аппараттарды сынау аймағын ұйымдастыруға қолдау көрсетеміз”, - деді Путин.
Жаңалықтар
0