https://sputnik.kz/20240905/toqaev-islam-damu-banki-men-opek-qorynyn-prezidentin-qabyldady-46819055.html
Тоқаев Ислам даму банкі мен ОПЕК қорының президентін қабылдады
Тоқаев Ислам даму банкі мен ОПЕК қорының президентін қабылдады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Ислам даму банкінің президенті Мұхаммед Сулейман әл-Джассерді және ОПЕК халықаралық даму қорының президенті... 05.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-05T20:10+0500
2024-09-05T20:10+0500
2024-09-05T20:10+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/1193/57/11935767_77:0:3718:2048_1920x0_80_0_0_3ff08b301c0b654e0a0066cf4694c14a.jpg
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Ислам даму банкінің президенті Мұхаммед Сулейман әл-Джассерді және ОПЕК халықаралық даму қорының президенті Абдулхамид әл-Халифаны қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Мемлекет басшысы Ислам даму банкі Қазақстанның орнықты дамуға ұмтылысы жолында сенімді серіктес болып келе жатқанына назар аударды.Банкпен ынтымақтаса жұмыс істеген жылдар ішінде жалпы инвестиция көлемі 2 миллиард долларға жуықтайтын 70-тен астам бірлескен жоба жүзеге асырылды.Қасым-Жомарт Тоқаев аталған банкпен арадағы Стратегиялық негізгі келісімнің жаңаруын құптады. Оның аясында бірқатар маңызды инфрақұрылымдық және индустриялық жобаны жүзеге асыру үшін қосымша қаржылай қолдау шарттары қарастырылған.Мұхаммед Сулейман әл-Джассер бірлескен жобалардың жүзеге асырылуын оң бағалап, Қазақстан экономикасын әртараптандыру ісіне одан әрі атсалысуға дайын екенін жеткізді.Ал ОПЕК халықаралық даму қорының президентімен кездесу барысында өзара ықпалдастық және Қазақстандағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру бойынша ынтымақтастық перспективасы қарастырылды.Мемлекет басшысы еліміз ОПЕК қорымен серіктестікке стратегиялық тұрғыдан мән беретінін, соның ішінде MENA (Таяу Шығыс және Солтүстік Африка) аймағымен байланысты нығайтуды көздейтінін атап өтті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1193/57/11935767_532:0:3263:2048_1920x0_80_0_0_9d8e64e4c928a2e4171f33f19a4a1e7f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Ислам даму банкінің президенті Мұхаммед Сулейман әл-Джассерді және ОПЕК халықаралық даму қорының президенті Абдулхамид әл-Халифаны қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы Ислам даму банкі Қазақстанның орнықты дамуға ұмтылысы жолында сенімді серіктес болып келе жатқанына назар аударды.
Банкпен ынтымақтаса жұмыс істеген жылдар ішінде жалпы инвестиция көлемі 2 миллиард долларға жуықтайтын 70-тен астам бірлескен жоба жүзеге асырылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев аталған банкпен арадағы Стратегиялық негізгі келісімнің жаңаруын құптады. Оның аясында бірқатар маңызды инфрақұрылымдық және индустриялық жобаны жүзеге асыру үшін қосымша қаржылай қолдау шарттары қарастырылған.
Мұхаммед Сулейман әл-Джассер бірлескен жобалардың жүзеге асырылуын оң бағалап, Қазақстан экономикасын әртараптандыру ісіне одан әрі атсалысуға дайын екенін жеткізді.
Ал ОПЕК халықаралық даму қорының президентімен кездесу барысында өзара ықпалдастық және Қазақстандағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру бойынша ынтымақтастық перспективасы қарастырылды.
Мемлекет басшысы еліміз ОПЕК қорымен серіктестікке стратегиялық тұрғыдан мән беретінін, соның ішінде MENA (Таяу Шығыс және Солтүстік Африка) аймағымен байланысты нығайтуды көздейтінін атап өтті.