https://sputnik.kz/20240905/shymkentte-zhasyryn-esirtki-zertkhanasyn-uyymdastyrdy-degen-kudikpen-eki-sheteldik-ustaldy-46811023.html
Шымкентте жасырын есірткі зертханасын ұйымдастырды деген күдікпен екі шетелдік ұсталды
Шымкентте жасырын есірткі зертханасын ұйымдастырды деген күдікпен екі шетелдік ұсталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Биыл тамыз айында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен... 05.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-05T14:48+0500
2024-09-05T14:48+0500
2024-09-05T14:48+0500
шымкент
есірткі
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:125:1201:800_1920x0_80_0_0_4e603bb753a4668d5fe23d1c8b5be3d8.jpg
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Биыл тамыз айында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен Шымкент қаласында синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты жасырын зертхананың әрекетін тоқтатты.ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, есірткі заттарының кезекті партиясын дайындау кезінде екі шетелдік ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.Шамамен 4 кг "мефедрон" психотроптық заты, 50 литр прекурсор, шетел валютасындағы қаржы, сондай-ақ "синтетика" дайындауға арналған зертханалық жабдық алынды.Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде."Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды",- делінген хабарламада.
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_6126eb18119694686f95d89e748fc25a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, есірткі
Шымкентте жасырын есірткі зертханасын ұйымдастырды деген күдікпен екі шетелдік ұсталды
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Биыл тамыз айында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен Шымкент қаласында синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты жасырын зертхананың әрекетін тоқтатты.
ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, есірткі заттарының кезекті партиясын дайындау кезінде екі шетелдік ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
Шамамен 4 кг "мефедрон" психотроптық заты, 50 литр прекурсор, шетел валютасындағы қаржы, сондай-ақ "синтетика" дайындауға арналған зертханалық жабдық алынды.
Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
"Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды",- делінген хабарламада.