https://sputnik.kz/20240905/qazaqstanda-wildberries-zhane-ozon-qazaq-tiline-audarylady-46805050.html
Қазақстанда Wildberries және Ozon қазақ тіліне аударылады
Қазақстанда Wildberries және Ozon қазақ тіліне аударылады
Sputnik Қазақстан
Тиісті заң парламент мәжілісінде бірінші оқылымда қаралды 05.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-05T11:16+0500
2024-09-05T11:16+0500
2024-09-05T11:16+0500
тұтынушылар
қазақ тілі
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0f/32127051_0:0:3347:1884_1920x0_80_0_0_8daa48c446037b0eaba75850860da03a.jpg
АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. “Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы” заң жобасының жаңа редакциясына сәйкес Қазақстандағы барлық маркетплейс интерфейсті қазақ тіліне аударуға міндетті, деп хабарлайды РИА Новости Қазақстандағы Ресейдің сауда өкілдігіне сілтеме жасап.Қазақстанда екі ірі ресейлік Ozon және Wildberries маркетплейсі жұмыс істейді.Қазақстандағы электронды коммерцияның жалпы көлемі 5 миллиард долларға жуықтағаны хабарланды.Ресейдің республикадағы сауда өкілдігінің мәліметі бойынша, 2023 жылы Қазақстандағы маркетплейстерде ең көп сатылған тауарлардың бестігіне телефондар мен гаджеттер (1 млрд доллар), тұрмыстық техника (422 млн доллар), сонымен қатар компьютерлер, ноутбуктер, бағдарламалық жасақтамалар және компьютерлік өнімдер (368 млн доллар) кірді. Сонымен қатар 290 миллион долларға автотауарлары және 177 миллион долларға құрылыс және жөндеуге арналған тауарлар сатылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0f/32127051_432:0:3163:2048_1920x0_80_0_0_690e098e8bfa33cec587b4643328f511.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тұтынушылар, қазақ тілі
Қазақстанда Wildberries және Ozon қазақ тіліне аударылады
Тиісті заң парламент мәжілісінде бірінші оқылымда қаралды
АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. “Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы” заң жобасының жаңа редакциясына сәйкес Қазақстандағы барлық маркетплейс интерфейсті қазақ тіліне аударуға міндетті, деп хабарлайды РИА Новости Қазақстандағы Ресейдің сауда өкілдігіне сілтеме жасап.
Қазақстанда екі ірі ресейлік Ozon және Wildberries маркетплейсі жұмыс істейді.
“Қазақстанда жұмыс істейтін барлық электрондық сауда алаңы мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдаған “Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы” заң жобасының жаңа редакциясына сәйкес интерфейсті қазақ тіліне аударуға міндетті болады. Осы заң тплаптарының орындалуын қадағалау Қазақстан сауда және интеграция министрлігіне жүктелді”, — делінген сауда өкілдігінің Telegram-каналында жарияланған хабарламада.
Қазақстандағы электронды коммерцияның жалпы көлемі 5 миллиард долларға жуықтағаны хабарланды.
Ресейдің республикадағы сауда өкілдігінің мәліметі бойынша, 2023 жылы Қазақстандағы маркетплейстерде ең көп сатылған тауарлардың бестігіне телефондар мен гаджеттер (1 млрд доллар), тұрмыстық техника (422 млн доллар), сонымен қатар компьютерлер, ноутбуктер, бағдарламалық жасақтамалар және компьютерлік өнімдер (368 млн доллар) кірді. Сонымен қатар 290 миллион долларға автотауарлары және 177 миллион долларға құрылыс және жөндеуге арналған тауарлар сатылды.