Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 1300 ерікті жұмыс істейді

© Photo : Орталық коммуникациялар қызметі5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция басшысының орынбасары Абылай Қондыбаев
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция басшысының орынбасары Абылай Қондыбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2024
Жазылу
Шетел жастары көшпенділер ойындарында волонтер болуға ниет білдірді
АЛМАТЫ, 5 тамыз - Sputnik. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында бірнеше бағыт бойынша 1300 ерікті жұмыс істейді, деп хабарлады Көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекциясы.
Дирекция басшысының орынбасары Абылай Қондыбаевтың мәліметінше, волонтерлерден ойын алдында 4500-ден астам өтінім келіп түсті.
"Оның ішінде Қырғызстан, Өзбекстан, АҚШ, Түркия, Германия, Франция, Испания, Корея, Түрікменстан, және Гана Республикасынан ниеттілер кездесті. Қазіргі таңда барлық ерікті қонақтарды қарсы алу, спорттық алаңдарда жұмыс істеу, транспорт, тағам бағыттары бойынша жұмыс істеп жатыр", - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Эскизы этноаула на Играх кочевинков - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2024
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Астанада "Көшпенділер Әлемі" ауқымды этноауылы ашылады
Жаңалықтар
0