https://sputnik.kz/20240905/duniezhuzilik-koshpendiler-oyyndary-astanada-birneshe-zherde-etnoauyl-ashylady-46815709.html
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Астанада бірнеше жерде этноауыл ашылады
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Астанада бірнеше жерде этноауыл ашылады
Sputnik Қазақстан
7 қыркүйек күні сағат 11:00-де "Қазанат" ипподромының жанында 10 гектар жерде басты "Көшпенділер Әлемі" этноауылы ашылады 05.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-05T18:19+0500
2024-09-05T18:19+0500
2024-09-05T18:25+0500
дүниежүзілік көшпенділер ойыны
https://sputnik.kz/img/07e8/09/05/46816086_0:90:960:630_1920x0_80_0_0_f4ced3ef6dd161dccd5dc54992ebc6d9.jpg
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Астана қаласында өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында елордада 5 этноауыл ашылады.2024 жылдың 6-14 қыркүйек аралығында "Қазақ елі"" монументі, "Ататүрік" саябағы, "Бәйтерек" монументі және Орталық саябақ аумағында этноауыл жұмысын бастайды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Этноауыл аумағында концерттік бағдарламалар және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады.Концерттік бағдарламада Мәдениет басқармасының ведомстволық бағынысты мекемелерінің шығармашылық ұжымдары мен солистері, сондай-ақ белгілі өнер қайраткерлері мен отандық эстрада жұлдыздары қатысады.Концерттік бағдарлама этноауылдарда сағат 18:00-ден 20:00-ге дейін ұйымдастырылады.Есіл ауданының аумағында этноауыл "Бәйтерек" монументінің алаңында ұйымдастырылады.Алматы ауданының аумағында этноауыл "Қазақ елі" монументінің жанында орналасқан.Байқоңыр ауданының аумағында этноауыл "Ататүрік" саябағында ұйымдастырылады.Нұра ауданының аумағында этноауыл Орталық саябақта орналасатын болады.Ал 7 қыркүйек күні сағат 11:00-де "Қазанат" ипподромының жанында 10 гектар жерде басты "Көшпенділер Әлемі" этноауылы ашылады. Этноауыл бірнеше орынға бөлінеді: Орталық алаң, ұлттық ойындарға арналған балалар ойын алаңы, халық музыкасына арналған шатыр, ашық аспан астындағы көшпелі Өркениеттер мұражайы, спорттық іс-шаралар, ұлттық тағамдар, басты сахна, аймақтардың этно-қоныстары, қолөнершілер және шығыс базары бар арнайы қала. Сондай-ақ этноауыл аумағында көптеген кәдесыйлар табуға болатын шығыс базары ұйымдастырылады. Еліміздің екі жүзден астам қолөнершілері өз өнімдерін ұсынады.Этноауылда туристер мен қонақтар дәстүрлі және ұлттық тағамдардан дәм тату үшін қазақ ұлттық тағамдарының мейрамханалары ұсынылады.Балалар үшін "Балалар алаңы" ойын алаңы қарастырылған, онда олар көңілді және танымдық бағытта уақыт өткізе алады.Айта кетері, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтеді, оған әлемнің 89 елінен 2500-ден астам қатысушы қатысады.Елорда тұрғындары мен қонақтарын Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу орындарына қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мақсатында 15 қыркүйекті қоса алғанда №18, 37, 303, 323 маршруттардың қозғалыс сызбалары уақытша өзгертілді.Елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап алғаны жөн.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/09/05/46816086_0:0:960:720_1920x0_80_0_0_86f65e2249d2617c7715578a118a26f6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дүниежүзілік көшпенділер ойыны
дүниежүзілік көшпенділер ойыны
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Астанада бірнеше жерде этноауыл ашылады
18:19 05.09.2024 (жаңартылды: 18:25 05.09.2024) 7 қыркүйек күні сағат 11:00-де "Қазанат" ипподромының жанында 10 гектар жерде басты "Көшпенділер Әлемі" этноауылы ашылады
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Астана қаласында өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында елордада 5 этноауыл ашылады.
2024 жылдың 6-14 қыркүйек аралығында "Қазақ елі"" монументі, "Ататүрік" саябағы, "Бәйтерек" монументі және Орталық саябақ аумағында этноауыл жұмысын бастайды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Этноауыл аумағында концерттік бағдарламалар және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады.
Концерттік бағдарламада Мәдениет басқармасының ведомстволық бағынысты мекемелерінің шығармашылық ұжымдары мен солистері, сондай-ақ белгілі өнер қайраткерлері мен отандық эстрада жұлдыздары қатысады.
Концерттік бағдарлама этноауылдарда сағат 18:00-ден 20:00-ге дейін ұйымдастырылады.
Есіл ауданының аумағында этноауыл "Бәйтерек" монументінің алаңында ұйымдастырылады.
Алматы ауданының аумағында этноауыл "Қазақ елі" монументінің жанында орналасқан.
Байқоңыр ауданының аумағында этноауыл "Ататүрік" саябағында ұйымдастырылады.
Нұра ауданының аумағында этноауыл Орталық саябақта орналасатын болады.
Ал 7 қыркүйек күні сағат 11:00-де "Қазанат" ипподромының жанында 10 гектар жерде басты "Көшпенділер Әлемі" этноауылы ашылады. Этноауыл бірнеше орынға бөлінеді: Орталық алаң, ұлттық ойындарға арналған балалар ойын алаңы, халық музыкасына арналған шатыр, ашық аспан астындағы көшпелі Өркениеттер мұражайы, спорттық іс-шаралар, ұлттық тағамдар, басты сахна, аймақтардың этно-қоныстары, қолөнершілер және шығыс базары бар арнайы қала. Сондай-ақ этноауыл аумағында көптеген кәдесыйлар табуға болатын шығыс базары ұйымдастырылады. Еліміздің екі жүзден астам қолөнершілері өз өнімдерін ұсынады.
Этноауылда туристер мен қонақтар дәстүрлі және ұлттық тағамдардан дәм тату үшін қазақ ұлттық тағамдарының мейрамханалары ұсынылады.
Балалар үшін "Балалар алаңы" ойын алаңы қарастырылған, онда олар көңілді және танымдық бағытта уақыт өткізе алады.
Айта кетері, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтеді, оған әлемнің 89 елінен 2500-ден астам қатысушы қатысады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарын Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу орындарына қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мақсатында 15 қыркүйекті қоса алғанда №18, 37, 303, 323 маршруттардың қозғалыс сызбалары уақытша өзгертілді.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап алғаны жөн.