Республикалық маңызы бар жолдарды жаңғырту жұмыстарының негізгі кезеңдері аяқталды
11:08 04.09.2024 (жаңартылды: 11:09 04.09.2024)
© Photo : пресс-служба министерства транспорта КазахстанаКапитальный ремонт дорог в Казахстане
Жазылу
Ұзындығы шамамен 900 шақырым жол жаңғыртылып, еліміздің көлік инфрақұрылымын едәуір жақсартты
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Стратегиялық маңызды учаскелердегі жол желісін жаңғырту жұмыстарының негізгі кезеңдері аяқталды. Шамамен 900 шақырым жол жаңартылды, деп хабарлады Көлік министрлігі.
1.
Елдің орталығы мен оңтүстігін жалғайтын ұзындығы 885 шақырымды құрайтын "Қарағанды – Алматы" республикалық маңызы бар автомобиль жолы 85%-ға дайын. Бұл күре жолда 46 жол өтпесі, 30 көпір, 7 көлік айрығы және 661 су өткізу құбыры салынды. Нәтижесінде 363 шақырымды құрайтын "Қарағанды – Балқаш" тасжолын айналып өту қажеттілігі жойылды. Сондай-ақ Қарағанды қаласынан Ақбастау және Ақсу ауылдарына дейінгі жолдың төрт жолағы бойынша қозғалыс ашылды. Аталған учаскеде асфальтбетон төсеу бойынша жұмыстардың 90%-ы аяқталды. Жуық арада барлық жаңартылған учаске ашылмақ.2.
Биыл "Балқаш – Бұрылбайтал" учаскесінде жолдың 80%-на жаңа асфальтбетон төселді. Қазіргі уақытта 288 шақырымның 266 шақырымы қозғалыспен қамтамасыз етілген.3.
"Күрті – Бұрылбайтал": ұзындығы 228 шақырымды құрайтын жол дәлізі толық жаңартылды. Асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстары 85%-ға аяқталып, жаңа асфальт қабатымен қозғалыс қамтамасыз етілді. Жауапты мердігер ұйым тосқауыл қоршауын, жол таңбаларымен белгілерін орнатуға кірісті.4.
Республикалық маңызы бар "Шамалған станциясын айналып өту" автожолында 3 бірлік жол өтпесі, 1 мал өткелі, 1 көпір және 3 су өткізу құбыры орнатылды. Жоба жұмыстары толық аяқталды және жуырда автокөлік құралдары үшін қозғалыс ашылады.5.
Республикалық маңызға ие "Ақтөбе – Қандыағаш – Атырау – РФ шекарасы (Астраханьға қарай)" тасжолының 732 шақырымы қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылды. Аталған жолда 47 жол өтпесі, 6 көлік айрығы, 526 су өткізу құбыры салынды.6.
"Ақтөбе – Қандыағаш" учаскесінде 18 көпір бойынша көлік қозғалысы ашылып, 8 эстакада салынды. Асфальтбетон төсеу жұмыстары 97%-ға аяқталды.7.
"Атырау – Астрахан" бағыты бойынша биыл жыл соңына дейін реконструкция жұмыстары толық аяқталады. Қайта жаңартылатын учаскеніңұзындығы – 212 шақырым. Асфальтбетон жабынын төсеу бойынша жұмыстар 82%-ы құрайды жәнебелсенді түрде жалғасып жатыр. Айта кетейік, жол бойында қозғалыс ашылғаннан кейін сапар уақыты 2,5 сағатқа дейін қысқарады деп күтілуде. Қазір автомобиль тізгіндеген жүргізушілер үшін қозғалыс ашық.8.
"Талдықорған – Өскемен" тасжолының 768 шақырымының 658 шақырымында жұмыс толық аяқталды. Жоғарыда көрсетілген учаскеде жабынды төсеу бойынша жұмыстардың 95% аяқталып, 748 шақырымында қозғалыс қамтамасыз етілген. Сондай-ақ 47 жол өтпесі, 6 көлік айрығы, 4 мал өткелі, 1 эстакада, 30 көпір және 526 су өткізу құбыры орнатылды. Бүгінгі таңда 707-718 шақырымдар аралығындағы Аягөз қаласын айналып өту және Қалбатау кентінің маңындағы тасжолдың жұмыстары қарқынды түрде жалғасып жатыр.