Қазақстанға шай қай жақтан жеткізіледі

© Depositphotos.com / FotodomЧто и где пить в Алматы в ноябре? 5 идей
Что и где пить в Алматы в ноябре? 5 идей - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2024
Жазылу
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанға шетелден жеткізілетін шайдың көлемі азайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Биыл алты айдың ішінде Қазақстанға 40,4 млн АҚШ долларға 13,4 мың тонна шай импортталды. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 28,1 процентке аз болып тұр.
Қазақстанда шайды жеткізуші негізгі елдер:
Кения – 4,8 мың тонна;
Үндістан – 4,7 мың тонна;
Қытай мен Ресей – әрқайсысы 1,1 мың тонна;
Бұдан бөлек, шай өнімдері Вьетнам, Иран, Шри-Ланка мен Грузиядан жеткізіледі.
Қазақстан өз кезегінде шайды Ресейге, Қырғызстанға, Өзбекстанға, Түрікменстанға, Тәжікстанға, Моңғолияға және Түркияға экспорттады.
Айта кетері, өткен жылдың есебі бойынша Қазақстанда бір адам орташа есеппен жылына 1,4 кг шай ішеді.
Жаңалықтар
0