https://sputnik.kz/20240904/otbasy-kunin-atap-otudin-zhana-kontseptsiyasy-usynyldy-46784868.html
Отбасы күнін атап өтудің жаңа концепциясы ұсынылды
Отбасы күнін атап өтудің жаңа концепциясы ұсынылды
Sputnik Қазақстан
2-8 қыркүйек аралығында Отбасы күніне арналған апталық өтеді 04.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-04T08:50+0500
2024-09-04T08:50+0500
2024-09-04T08:50+0500
отбасы
https://sputnik.kz/img/744/36/7443684_0:140:2347:1460_1920x0_80_0_0_384744e98a04e2f812e53b53fd9f10fb.jpg
АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Мәдениет және ақпарат министрлігі Отбасы күнін атап өтудің жаңа концепциясын ұсынды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.2-8 қыркүйек аралығында Отбасы күніне арналған апталық өтеді. Әр күн арнайы тақырыпқа арналады. Оның ішінде отбасылық дәстүрлер, неке жоспарлау, репродуктивті денсаулық, саналы ата-ана болу, отбасылық демалыс және басқа да тақырыптар бар.Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов мұндай форматтың мерекені кең ауқымда өткізуге және оның тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.Сондай-ақ Отбасы күнін атап өтудің жаңа концепциясын таныстыруға арналған брифингте отбасы саясатының негізгі бағыттары, мемлекеттік қолдау шаралары, "Қазақстандық отбасылар" ұлттық баяндамасында ұсынылған әлеуметтік зерттеулердің қорытындылары туралы да айтылды.Сауалнама нәтижелері бойынша респонденттердің 62,7%-ы отбасында қамқорлық, өзара құрмет көрсету және қолдау маңызды деп санайды. Одан кейін орында – махаббат (43,2%) және балалар (38,7%) мәселесі. Сондай-ақ зерттеу барысында еңбекқорлық, адалдық және үлкендерге құрмет көрсету – еліміздегі өскелең ұрпаққа үйретілетін басты құндылықтар екендігі анықталды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/744/36/7443684_107:0:2240:1600_1920x0_80_0_0_ec96f21b9cfa0ca7906af49c6679d16d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
отбасы
Отбасы күнін атап өтудің жаңа концепциясы ұсынылды
2-8 қыркүйек аралығында Отбасы күніне арналған апталық өтеді
АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Мәдениет және ақпарат министрлігі Отбасы күнін атап өтудің жаңа концепциясын ұсынды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
2-8 қыркүйек аралығында Отбасы күніне арналған апталық өтеді. Әр күн арнайы тақырыпқа арналады. Оның ішінде отбасылық дәстүрлер, неке жоспарлау, репродуктивті денсаулық, саналы ата-ана болу, отбасылық демалыс және басқа да тақырыптар бар.
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов мұндай форматтың мерекені кең ауқымда өткізуге және оның тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
"Бүгінгі таңда отбасы мен некенің жағымды имиджін қалыптастыру, отбасы құндылықтарын насихаттау, ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, балаларының қарт ата-аналарына қамқорлық жасауы – ұлттық маңызы бар міндеттер", - деді Евгений Кочетов.
Сондай-ақ Отбасы күнін атап өтудің жаңа концепциясын таныстыруға арналған брифингте отбасы саясатының негізгі бағыттары, мемлекеттік қолдау шаралары, "Қазақстандық отбасылар" ұлттық баяндамасында ұсынылған әлеуметтік зерттеулердің қорытындылары туралы да айтылды.
Сауалнама нәтижелері бойынша респонденттердің 62,7%-ы отбасында қамқорлық, өзара құрмет көрсету және қолдау маңызды деп санайды. Одан кейін орында – махаббат (43,2%) және балалар (38,7%) мәселесі. Сондай-ақ зерттеу барысында еңбекқорлық, адалдық және үлкендерге құрмет көрсету – еліміздегі өскелең ұрпаққа үйретілетін басты құндылықтар екендігі анықталды.