https://sputnik.kz/20240903/studentterdin-milliondagan-otemaqysy-qaytaryldy-46777522.html
Студенттердің миллиондаған өтемақысы қайтарылды
Студенттердің миллиондаған өтемақысы қайтарылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Балқаш қаласында екі колледжде көпбалалы отбасыдан шыққан студенттерге тиісті өтемақының берілмегені анықталды, деп хабарлайды... 03.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-03T19:31+0500
2024-09-03T19:31+0500
2024-09-03T19:31+0500
студент
өтемақы
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744613_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_d98eba81ee5241afee9e4512d3d1ddfc.jpg
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Балқаш қаласында екі колледжде көпбалалы отбасыдан шыққан студенттерге тиісті өтемақының берілмегені анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан бас прокуратураға сілтеме жасап.Заңға сәйкес, мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын көпбалалы отбасыдан шыққан студенттер тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі шарт. Ал ыстық тамақ берілмесе, колледж білім басқармасы белгілеген тамақ құны көлемінде өтемақы төлеуге міндетті.Сонымен қатар, Балқаш қаласындағы колледждерде оқитын және қаладан тыс жерде тұратын студенттердің қысқы-жазғы демалыс кезіндегі жол жүру ақылары өтелуі керек. Осы өтемақы да төленбеген болып шықты.Прокурорлық қадағалау нәтижелері бойынша бір миллион теңгеден астам сома құрайтын төлемдер толығымен аударылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744613_491:0:2742:1688_1920x0_80_0_0_f498ff6b890b4f65f94aba87e9ab5e95.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
студент, өтемақы
Студенттердің миллиондаған өтемақысы қайтарылды
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Балқаш қаласында екі колледжде көпбалалы отбасыдан шыққан студенттерге тиісті өтемақының берілмегені анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан бас прокуратураға сілтеме жасап.
Заңға сәйкес, мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын көпбалалы отбасыдан шыққан студенттер тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі шарт. Ал ыстық тамақ берілмесе, колледж білім басқармасы белгілеген тамақ құны көлемінде өтемақы төлеуге міндетті.
"Қабылданған қадағалау шараларының нәтижесінде екі колледжде көпбалалы отбасылардан шыққан студенттерге жалпы сомасы 4,7 млн теңге өтемақы аударылды", - дейді прокурорлар.
Сонымен қатар, Балқаш қаласындағы колледждерде оқитын және қаладан тыс жерде тұратын студенттердің қысқы-жазғы демалыс кезіндегі жол жүру ақылары өтелуі керек. Осы өтемақы да төленбеген болып шықты.
Прокурорлық қадағалау нәтижелері бойынша бір миллион теңгеден астам сома құрайтын төлемдер толығымен аударылды.