Референдумның нәтижесі қашан жарияланады

© PhotoРеализация Послания Главы государства народу страны "Справедливый Казахстан: закон и порядок, экономический рост, общественный оптимизм".
Реализация Послания Главы государства народу страны Справедливый Казахстан: закон и порядок, экономический рост, общественный оптимизм.  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2024
Жазылу
Орталық референдум комиссиясы 12 қазанға дейін референдумның нәтижесін жариялайды
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Орталық референдум комиссиясы АЭС бойынша республикалық референдумды өткізу тәртібін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, қазіргі кезде дауыс берушілердің тізімін жасау жұмысы басталып кетті. Ал қыркүйектің 26-сына дейін халыққа дауыс беру орындары мен уақыты туралы хабар берілуі шарт. 1 шілдеде 12 179 968 адам дауыс беруге құқылы болған. Бұл тізім әлі де жаңартылады.
Референдум бюллетеньдері дауыс берушілердің санынан 1 процентке артық басылады.
"Бюллетеньдер үш күн бұрын, ары кетсе, бір күн бұрын жергілікті комиссияларға жеткізіледі",-деді Петров комиссияның бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, 6 қазанда халық өз таңдауын жасаса, орталық референдум комиссиясы 12 қазанға дейін референдумның нәтижесін жариялайды.
Айта кетері, референдум белгіленген уақыттан бастап жергілікті сайлау комиссиялары референдум комиссияларының функцияларын орындайды. Орталық сайлау комиссиясы да уақытша референдум комиссиясы болып жұмыс атқарады.
Референдум по поправкам в конституцию Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2024
АЭС референдумы: бюллетеньде қандай сұрақ болады
Жаңалықтар
0